Әдемі құмыра
Раяна мектепте Еңбек сабағынан қолдан гүл құмыраны әшекейлеп бастаған еді. Соңына дейін жасап үлгермей, мұғалімдері "үйден бітіріп алып келіңдер" деген тапсырма берді. Раяна Әкеліп, құмыраны әдемілеп әсемдеді, моншақтар тізді, жиегіне әдемі тастар салды. Көздің жауын алатындай керемет болып шықты.
Әлидің көзі сол құмыраға түсіп жүрген еді. Жарқырап тұрған тастарды алып қойғысы келді. Әлиге қатты ұнап тұр. Раяна көрмей тұрған кезде әдемі тастарды құмыраның жиегінен ақырын шешіп алды. Кешке Раяна құмырасын қарап отырғанда, тастардың жоқ екенін көріп қалды. Бірден Әли екенін түсініп, "Әли менің тастарымды неге алдың? Бұл менің үй жұмысым ғой", деп айғайлады. Әли залда отырған еді, бірден орнынан ұшып тұрып, "мен емес" деп қаша жөнелді.
Раяна "Әли, сен ғой, сенен басқа кім, алған болсаң дереу бер",- деп артынан қуалап жүр. Әли мойындар емес, “Мен емес, менде жоқ” деп қолын ашып көрсетеді де тағы қаша жөнеледі. Раянаның шарасы таусылып, "ана, Әли менің тастарымды алып қойды, маған бермей жатыр, мен емес деп өтірік алдап жатыр",-деп ашуланды. "Әли, Пайғамбарымыз ешқашан біреудің затын алмаған, өте сенімді болған, басқа адамдардың барлығы Пайғамбарымызға керек десең, өз алтындарын тастап кеткен. Ал мен әшейін тастарды өз бөлмеме қалдыра алмаймын ба, сонда сен сенімсізсің ба? Пайғамбарымыз ешқашан өтірік айтпаған, Әли, мойындашы",-деп жан даусымен өтіне кетті.
Раянаның шырылдап жатқанын естіген анасы, жөн сұрап: “Әрине, дұрыс, бір мұсылманға өтірік айту еш жараспайды” деді. Әли тастарды өз бөлмесіне тығып қойған еді, қимай-қимай Раянаға апарып берді. Раяна қолынан жұлып алып, "енді менің заттарыма мүлде жолама",- деп қалды.
Анасы, "Раяна, Әли сенің кішкентай бауырың, кішкентайларға мейіріммен қарайтын Пайғамбарымыз",- деді, Раяна Пайғамбарымыз дегенді естіп, ұялып қалды да, Әлидің қолынан сипалып, "кешірші, жарайды, бірақ бір затым ұнаса, менен сұра! Керек болмаса өзім де беремін ғой, сонда өтірік айтуыңа тура келмейді",-деді. Екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған анасы қуанып қалды.