May 22, 2020

Рамазанның соңғы түні

Бүгін соңғы тарауих оқылды. Әкесі, анасы, Омар намаз оқып біткесін сәл үнсіз отырып қалды. Анасы лезде мұздатқыштан балмұздақ шығарып, Раяна мен Әлиді шақырды. Балмұздақты айнала отырған отбасы, Рамазанда не жасап бітіргендерін бір-біріне айта бастады. Әркім өзінің чек листін алып келіп, мен мына күндердің барлығында ораза ұстадым, мен мына сүрелерді жаттадым деп балалар әкесі мен анасына таласа көрсете бастады. Әкесі: “Бүгін кішкентайымыздан бастайық, алғашқы рамазаны еді ғой, Әли бастай ғой”,- деді.

Әли: “Мен Кәусар, Ықылас, Фатиха сүресін жаттадым. Анаға көмектестім. Садақа бердім. Пайғамбарлар туралы білдім. Салауат айтып үйрендім. Әжетханаға кірерде және шығарда айтатын дұға жаттадым”,- деді.

Раяна жалғастыра: “Мен болсам, Әлидің сүрелерін жатқа білгендіктен Кәусар, Фалақ, Нәс сүрелерін жатадым. Оразаны тек аштық үшін ұстамайтынын білдім. Соңғы бір аптада толық ораза ұстадым. Өз атымның мағынасы осы Рамазан айымен байланысты екенін білдім. Әлиден тамақтан кейін оқылатын дұғаны жаттап алдым. “Әдеп әлемінде” деген кітапты бітірдім”,- деді өзіне көңілі тола.

Омар болса: “Мен Духа, Инширах, Тин сүрелерін жаттадым. “Ғибрат толы сандық” кітабын бітірдім. Оразаның денсаулыққа өте көп пайдасы бар екенін білдім. Алланың әмірлері адамдардың жақсылығы үшін екенін, кейде асығыстық танытып кей істеріге сабырсыздық танытатымызды түйдім. Осы жылы оразамды сіздермен бірге толық бір ай бойы ұстадым”,- деді. “Рамазанның аяғына да келіп жеткенімізге сене алар емеспін. Мен келесі Рамазанды сағынатын боламын”,- деді. Омардың бұл сөзіне Раяна мен Әли “Мен де”, “Мен де” деп жарыса жауап берді.

Балалар бұл жылы өздеріне жоспар жасағандықтан, Рамазан айын ерекше өткізді. Жігерлі бола түсті. Дін жайлы көп білім алып, Алла Тағалаға бір адым болса да жақындай түскен іштей сезден еді. Бұл ай балаларға өте көп қуаныш, сыйлықтар, мол берекет сыйлады. “Он екі айдың сұлтаны” деп айтатын, “Пайғамбарымызыдың сағына күтетін айы” деп атайтындайы бар екен ғой десті.

Балақай сен не үйрендің, өзіңе тізім жасап, ата-анаңа көрсет!