May 16, 2020

Бақыттың кілті

Раяна бүгін “Бақыттың кілті” деген әңгімені оқып ерекше әсерленді. Өткеде Омар ағасының шүкір туралы Әлиге айтқаны да есінде. Бұл да бір шүкірдің түрі екен ғой деген ойға батты: Раянаның оқыған әңгімесі мынау еді:

Бостонның кедей аудандарынан бір топ бала сол жердің беделді адамдары Алис Фримен Палмерге барып:

- Біз қалай бақытты бола алатынымызды айтыңызшы?! − деп өтініпті.

Тәжірбиелі әйел оларға күніге әдемі бірнәрсе іздеп тауып, сол туралы ойланыңдар деп кеңес береді.

- Бір күн таппай қалсаңдар, пайдасы болмайды. Барлығың бірнәрсе таба аласыңдар. Бір жапырақ, бір гүл, бір бұлт болсын. Тек оның әдемілігін көру үшін тапқан заттарыңа жақсылап, әдемі көзбен қарауларың керек, − дейді.

Алғашқы аптаның соңында Палмер ханым өзіне келген қыздардың бірі кіші бауырын көшеде қыдыртып жүргенін көрді. Қыз:

- Айтқаныңызды орындадым. Бір күн де өткізбедім. Бірақ қиын болды. Паркке барған күндерімде бұл оңай болатын. Бірақ бір күні өте қатты жаңбыр жауды. Бауырым ауырып қалғандықтан далаға шыға алмадым. Сол күні әдемі нәрсе көрмейтініме сенімді едім. Мұңайып терезеден далаға қарап отыр едім, жаңбырдың ағып жатқан құбырдың түбінде бір торғайдың шомылып жатқанын көрдім. Мойнындағы қара қауырсындары тап бір торғайдың пиджагі тәріздес еді. Торғай шынымен әдемі. Келесі күні кіші бөпеміз ауырып қалып, далаға тағы шыға алмадым. Бауырымның шаштарына қарадым. Терезеден түскен күн сәулесі оның шаштарының арасынан ойнаған сияқты болды.

Осы сөздерден кейін қып-қызыл шашты бөпені Палмер ханымға берді.

- Өте әдемі ғой иә? Енді өзімді еш бақытсыз немесе жалғыз сезінбеймін, − деді.