Қайырлы күн достар! Менің есімім - Әмина. Атырау қаласында тұрамын. "Жүректен жүрекке" қорының негізін қалаушымын. Сегіз жылдан бері әр түрлі әлеуметтік жобалармен жұмыс жасап келемін. Белсенді волонтермын. Үнемі ізденісте жүремін. Бос уақытымда жастарға пайдасы тиетін жобаларды ұйымдастырғанды жақсы көремін. Дизайнды білмеген соң, үнемі қолым байланып қалады. Афишаның дизайны уақытылы жасалмай, талай күйген кездерім болды) Әдемілікті жақсы көремін. Әдемі дизайн өте көп нәрсені шешеді деп ойлаймын. Дизайн жасап үйреніп, өз жобаларымның афишасын өзім жасағым келеді.