April 14, 2023

КЕМШІЛІКТІҢ ДЕ ҚАЙЫРЫ БАР

«Бұлақтан су таситын әйел жөнінде керемет бір хикая бар. Ол бұлаққа жету үшін күнде бірнеше шақырым жер жаяу жүреді екен. Екі қыш құмыраға су толтырып, иінағашпен көтеріп алады да, үйіне қарай жол тартады. Әйел үйіне жеткен кезде, бір құмырадағы су қаз-қалпында тұрады, ал екіншісінде су азайып қалады екен. Суы орталанып қалған құмыра ернеуіндегі жырығы үшін өзін жолы болмайтын бейбақ санайды. Оған құйылған су босқа төгіліп жатқаны үшін, міндетін дұрыс атқармағаны үшін өзін әрдайым сөгіп, айыптайды. «Жырығы жоқ» жолдасым сияқты мінсіз болсам ғой, шіркін!» деп ойлайды ол іштей. Бір күні үйге жеткен кезде өзінің түкке тұрғысыз жаман құмыра болғаны үшін ұялып, әйелден кешірім сұрапты. Бірақ әйел құмыраның бұл пікірімен мүлде келіспейді. Құмыра өзі түсінбегенімен, ғаламның жақсаруына, табиғаттың гүлденуіне аз да болса үлес қосып жүргенін айтады.

Сөйтіп, әйел құмыраға екі жыл бойы күн сайын бұлаққа қарай жүріп өтетін соқпақ жолды көрсетеді. Жолдың бір жағында ғана әдемі гүлдер қатар тізіліп тұр екен. Сөйтсе, бұл гүлдер әлгі құмыраның жырығынан аққан судың арқасында өсіп шығыпты. Жайқалып тұрған түрлі түсті гүлдердің хош иісі бұрқырап, айналаға әсемдік сыйлап, ара, көбелек пен құстарды өзіне тартып, әрдайым әйелдің көңілін көтеріп, жанына жайлылық сыйлайды екен.
Өміріміздің сапасы өмірді қалай қабылдайтынымызға байланысты. Құмыраның жырығы секілді, кемшіліктеріңді өзіңнің ерекшелігің, өзіндік болмысың деп бағалауыңа болады. Өзгелер сияқты емеспін, оларға ұқсамаймын, болмысым басқа деп өзіңді іштей айыптап, қорлай бермей, бойыңдағы көркем мінезге, ерекшелігіңе көңіл бөліп, назар аударып көр».

Оқырмандарына сенім сыйлайтын автор Джен Синсероның «Сен батылсың. Ынталы бол, көңілді жүр, өзгере біл» Mazmundama аударған үшінші кітабы. Сатып алу үшін 8(700)7007091 номеріне хабарласыңыздар. Бағасы – 3 200 тг.