«Бұлақтан су таситын әйел жөнінде керемет бір хикая бар. Ол бұлаққа жету үшін күнде бірнеше шақырым жер жаяу жүреді екен. Екі қыш құмыраға су толтырып, иінағашпен көтеріп алады да, үйіне қарай жол тартады. Әйел үйіне жеткен кезде, бір құмырадағы су қаз-қалпында тұрады, ал екіншісінде су азайып қалады екен. Суы орталанып қалған құмыра ернеуіндегі жырығы үшін өзін жолы болмайтын бейбақ санайды. Оған құйылған су босқа төгіліп жатқаны үшін, міндетін дұрыс атқармағаны үшін өзін әрдайым сөгіп, айыптайды. «Жырығы жоқ» жолдасым сияқты мінсіз болсам ғой, шіркін!» деп ойлайды ол іштей. Бір күні үйге жеткен кезде өзінің түкке тұрғысыз жаман құмыра болғаны үшін ұялып, әйелден кешірім сұрапты. Бірақ әйел құмыраның бұл пікірімен мүлде келіспейді...
Т.К: Алғашқы сұрақ. Назерке, сенің тұрмыс құрмай тұрған кезің және келін болғалы екі аралықта өз жағдайыңда, болмысыңда не өзгергенін айта кетсең (байқауымша біраз нәрсе өзгерген, қазір сен өте белсенді секілдісің)?