January 28, 2023

tehero10: «Қазақы сексизмнің жалауын шын мәнінде әйелдер көтеріп жүр. Оларды шын төмендететінін, менсінбейтінін, әлсіз көретінін білмейді, түсінбейді.»

OY Group 2.0 танымдық, ақпараттық жобасында жаңа рубрика. Простофиль Т.К мырза рухани еркіндікті аңсайтын, өз дара жолын қалыптастыруға талпынған жандардан сұхбат алады. Жаңа айдардың жаңа қонағы Людвиг Максимилиан атындағы Мюнхен университетінің түлегі педиатр, таргетолог Назерке Айтөре(tehero10).

Т.К: Алғашқы сұрақ. Назерке, сенің тұрмыс құрмай тұрған кезің және келін болғалы екі аралықта өз жағдайыңда, болмысыңда не өзгергенін айта кетсең (байқауымша біраз нәрсе өзгерген, қазір сен өте белсенді секілдісің)?

tehero10: Тұрмыстық өмірдің сенің көзқарастарың мен армандарыңа түкіргені бар. Ол жақта өзінше система, воронка. И сен жұтылып кетпес үшін жанталасасың. Сосын өз арманыңдағы өмір үшін күрес басталады. Тұрмыс адамды қатты шектейді. Мені де шектегісі келді, жооқ дедім. Әлі түзеу керек нәрселер бар. Но қазіргі жетістігім ұнамайтын халат, орамал тақпаймын, өсекке қалудан қорықпайм, үлкенге тура қарап тұрып қатесін де айта алам. түнде 2-де жатып, 6-да тұрмаймын.

Бұрын шетке ысырып қойған мақсаттарыңды тезірек орындауға тырысасың. Әйтпесе, қазан басынан шықпай өсектен аузы босамайтын қатынға айналып кете барасың. Ал қатын деген сөз менің фобиям. Өзімнің нағыз фемка екенімді де тұрмыстық өмірде сездім. Біздің қазақ отбасының көбінде толып жатқан әділетсіздік, өз арманым үшін ғана күресем, маған басқаның керегі не? Жұртқа менің арманым не керек?

Т.К: Бәрібір де өзіңді кейде бөтен сезінбейсің бе? Кейде бәрібір сенің өз үйің емес қой. Мысалы, сенің ата-енемен тұрғалы ұйқы графикаң қалай ауысқаны қызық.

tehero10: Сезінем әрине, соны өзгерту үшін үйдегілерге жаңа ережелер орнатып бастадым. Қазір әркім өз шашқанын өзі жинайды, өз төсегін өзі жинайды. Біреуі пылесостайды, біреуі шаң сүртеді. Мазаларын алып жұмсаймын. Өйткені менің алтын уақытым ондай тірлікке кеткенін қаламаймын. Ешкім де олай біреуге зиянын тигізбеу керек. Мұндай өмірге ұзақ шыдамайтынымды түсініп басқа қалаға көшу туралы ойлап жүрміз.

Мен өте ұйқышылмын негізі. Бойдақ кезде 12-15 сағат ұйықтайтынмын. Қазір отбасылы болып, ата-енемен тұрғалы 8-9 сағатқа қысқарды. Үйде кейде бөтендігің сондай шаршап кеп ұйықтағаның үшін ұрыс болуы мүмкін(жалпы келін темасында).

Элементарно қашан ұйықтап тұру, не кию керектігін өзің шешпесең өзіңді қалай адам сезінесің, құлдан айырмашылық жоқ ғой онда.

T.К: Ал ауылдық жерге келін болғалы шынайылыққа(наши реальность) жалпы дайын болдың ба? Әсіресе ауыл адамдары туралы, ауылдағы әйелдердің өмірі туралы қала адамдарында ортақ стереотиптер бар ма? Белгілі бір ауылдағы әйелдер мен балалар құқығы) Мысалы, ауылда кездесетін харассмент, қазақы сексизм, абьюзер еркектер, балаларға жасалатын зорлық зомбылықтың көп болуы және олардың айтылмауы. Қала өміріне қарағанда ауылдағы әйелдерге (балаларға) жасалынатын қылмыстар салыстырмалы түрде көп деп ойлай беруге болады ма?

tehero10: Ауыл өмірін жақсы білемін. Өзім де ауылдан шыққанмын. Ауыл тұрақтап қалатын жерім деп ойламаймын. Әр ауылдың адамдары әртүрлі. Мен келген ауылдан негатив көп естідім. Адамдары бір-бірін күндеп күн көреді. Біреудің артын ашып беріп ақша жасайды адамдар. Ал ауыл әйелдерінің өмірі туралы. Ол таңдау қалдырмаған тағдыр. Көну арқылы мықты болғандар. Біздің ауылда отбасыны асыраушы дені әйелдер екен. Стереотип жерге емес менталитетке тән дүние ғой. Одан бөлек әлі күнге киімге қарап бағалау, әдемі киінуге, әдемі боп жүруге негатив көзқарас. Келін темасы всегда актуалды. Ешбір әйел басқа әйелдің көзінше еркін, әдемі сүруге құқығы жоқ сияқты көзқарас. Айтпаса да, артынан өсек ереді.

Қазақы сексизм. Қатты байқалады. Үйдің тірлігін істейтін еркек көрген жоқпын. Біреу тамақ бермесе аш жата беретін, соған жалоб айтатын, киімін жинай алмайтын элементарно, ішкен-жеген ыдысын жуып қоюды білмейтін еркектер көп. Қызды үй тірлігіне салу, мәжбүрлеу көп. Наоборот қораның да жұмысын істеп жүрген әйел көп. Ауыл еркектерінің кей бөлігі тек ішкілікке әуес. Әйелінің қасына жатуға ұялмайтын, бірақ айтқанын істеуге намыстанатын еркектер толып жүр. Тіпті жастардың өзі сондай дағдымен өсіп жатыр. Бұл бір дерт. Ауылда дос ретінде ер мен әйел араласа алмайды. Тек таныстар, либо официально сөйлесу. Жеке көзқарастарыңмен бөлісіп әңгіме айту жастар жағында бар. Бірақ соның өзінде өсекке іліну қауіпі жоғары. Қазақы сексизмнің жалауын шын мәнінде әйелдер көтеріп жүр. Оларды шын төмендететінін, менсінбейтінін, әлсіз көретінін білмейді, түсінбейді.

Абьюзерлік туралы бөлек айту керек шығар. Но ауылда морально жеп тастайтын туыстық қатынас деген бар. Әулеттің мәселесін келінге жүктеп қойып, келін көмектеседі деп сеніп қонақ шақыру, көмектескен келінге хоть рақмет айтпау секілді антиморальды ситуациялар көп кездеседі. Келін болса болды бәрін жасау керек деген тема.

Зорлық-зомбылық туралы нақты фактілер келтіре алмаймын. Ол бар екені сөзсіз. Дегенмен ескі заманмен салыстырғанда азайған секілді. Психикалық зорлық бірақ өршіп кеткен.

Т.К: Ауыл&Қала тақырыбын жауып, қазақы әйелдердің жалпы болмысын ашуға тырыссақ. Өзім қазақ тілді отбасында болатын еркектің әлеуметтік гегамониясы әйелдерге, көп жағдайда әйелдердің, тұрмыс құрмаған қыз балалардың "Стокгольм синдромына" душар еткендей көрінеді. Ал сен өз кезегіңде ер адамдармен әңгімелесу кезінде өзіңді тұмшалайтын барьерлер бар ма? Болса ол кедергілер себебін түсіндіре кетсең)

tehero10: Әйелдердің ондай жертва болуды ұнататын кейпін ол синдромға қимаймын. Ол просто патриархаттық қоғамның кесірі. Қыз баланың бірлі-жарымы болмаса көпшілігі мейірім, махаббатқа мұқтаж боп өсті ғой. И үнемі оның басында бір басшы бар, оған бағыну керек деген бейсаналы ой бар. Оған өзі шешім қабылдап барғаннан гөрі, әкесі, не күйеуі не ағасы барып кел деп айтқаны нақтырақ шешім. Әйелдердің көбі өз жаратылысына, санасына, құқығына, қоғамдағы орнына анализ жасамайды. Басқарып отырған басшыдан өзгеге керексіз санайды. Олай ойлайтындай бар. Сондай шешілмеген проблемаларымен ол тұрмысқа шығады, бала туады. Болды, енді сол үйдің күлбикесі сезінеді өзін. Қорлықты норма санайды. Әрине басы жасамайтын болған соң ол тозақта өмір сүре береді.

Ер адамдармен сөйлесу кезінде толық ашылып әңгіме айтуым сирек. Өйткені оларда тыңдай білетін қабілет аз. Естиді но мынау не айтып отыр дегеннің маңайында қалып қояды. Көпшілігі. Өкінішке орай, көп еркектер әйелмен тек секс тақырыбында ғана сөйлескенді құп көреді. Маған олардың ойлау жүйелері қызық)) Логикалары мүлде жоқ секілді. Олар кейде бізді сөйлейтін бір аппарат көретіндей. Но сөйте тұра ақылды әйелдерден іргелерін аулақ салатындары ұнайды))) қыздарға қарағанда ол жағынан еркектер дұрыс ойлайды. Теңім емес деген түсінік ойында бар. Қыздар, өзіне қарама-қарсы қасиеттері бар адамды таңдайды ғой, өзі ақымақ болса ақылды жігітке тиеді, ақылды болса махаббат деп ақымақ жігітке тиеді. Екіншіден, ерлермен сөйлескенде еркін бола алмаймын. Өйткені олардың санасында әйелді секс пен құмарлық объектісі ретінде сақтап алған. Шамалы кеудең ашылып кетсе, дін туралы, ғылым туралы айтып отырсақ та ойы өзгереді. Қандай да бір сақтықпенен сөйлесем. Ешқашан оңаша қалып әңгіме айтпаймын. Өйткені айналамдағы еркек затына соншалық сенбеймін.

Т.К: Отбасылық құндылықтар орыс/қазақ тілді отбасыларда екі бөлек деп ойлайсың ба? қазақ тілді отбасыларда жақындарыннан төнетін шаблондар көп секілді және сол шаблондар дан көбі асып кете алмайтын секілді. Ал орыс тілді қазақ отбасылар бұл тұрғыда сәл еркінірек секілді.

tehero10: Әрине, неге орыстілділер мен салыстырғаныңды түсінбедім. Дегенмен бізде құндылықта бар, шектеу де, қысым да бар. Сырт көзге ұйыған отбасы секілді көрінеміз. Но қысым мен шектеу каждый детальда бар. Орыс тілді отбасын вживую көрмегем. Бірақ олар барынша адекватты ойлайтын секілді. Болмайдының себебін түсіндіре алады. Шектеу қойса себебін айтады. Әр адам жеке дара сезіледі. Но олардың быт(тұрмыс) жеңген отбасылары біздің қазақ отбасыларына қатты ұқсап кетеді. Қазіргі кездегі орта, жас отбасыларында мейлінше құндылықтарға мән берілген, адекватты адам тәрбиелеуде олар бізден озып тұр. Оларда еркіндік бар. Тым құрығанда ойын тыңдаушы әке-шеше бар. Бір ұнайтыны туыстық абьюзерлік жоқ. Бізде тым өршіп кеткен. Бізде жеке шекара деген түсінікті енгізу үшін әлі талай нәрсені шығару керек, кітап жазу керек, фильмдер түсірілуі керек. Насихат күшті болу керек.

Қазақтардағы жалғыз ұл мен кенже баланың, келіннің өмірі тым арпалысқа толы. Тұрмыстан жеңіліп, күнделікті сүреңсіз тірліктің көшімен өмірден өте барады. Бірақ біреулер үшін ол бақыт. Құндылықтар әр адамда әртүрлі ғой. Біздің ойлар планетаға әрең сияды ауыл түгіл. Ал кейбірі ауылдан-ақ алтын бақыт тауып өмір сүріп жатыр. Өзгенікін түсіруге хақымыз жоқ!

Т.К: Айтпағым, орыстілді қазақ кейбір достарым бар, білмейм өзіме ол отбасылар сәл жарқын (уважению, состраданию фундаментом его счастья) боп көрінеді. Ойлау түсініктері бөлектеу дәстүршіл емес, агрессия төмен басқаларға деген. Мүмкін, мен қателесем орыс тілді қазақтар туралы тым асыра ойлаймын. Түсінем жақында қаламызда (Қызылорда) бір орыстілді қазақ отбасында күйеуі әйелін кароеке клубта жауыздықпен ұрып өлтірген. Бұл сонша орыстілді қазақтар жақсы не жаман дегенім емес. Тек екі тілді ортаның айырмашылығын бақылау қызық.

Т.К: Адекватты және қауіпсіз орта жасауда қазақы дәстүрлі түсінігімізден алатын кейстер бар ма? Қазақы менталитетке сіңіргің келетін прогрессивті топ 3 (мүмкін одан да көп құндылықтар) тәсіл?

tehero10: Мен әлі қазақы дәстүрдің оригинал күйде бір жерде орындалғанын көрмедім. Бәрінде бір шикілік шығып тұрады. Іліп аларлық дәстүрлер бар негізі. Мен бірақ адамзатқа ортақ құндылықтарды ғана ұстанғым келеді. Дәстүршіл емеспін. Кез-келген қазақтан жауапкершілік, жеке шекараны сақтау, басқаға зиян тигізбеу сияқты қасиеттер көрсем қуанар ем. Бірдәстүрлі біледі, ұстанады екен деп қуанғаным есімде жоқ. Бізге қазақылық адамдықтың потологы ғой. Әлем кең, дәстүрі жоқ бірақ мәдениеті жоғары елдер жетерлік. Ол сауаттылық.

Ұсыныстарға келер болсам:

1.Отбасы институтын қайта қарастырса, отбасыда барлық адам бақытты болу керек.

2.Ата-ана болу мәдениеті қалыптасса. Жастардың өзі баланы не үшін дүниеге әкелетінін білмейді.

3.Быт азайса. Әрине экономикаға кеп тіреледі. Быт темасынан шықпай ешкім өркениетке қол жеткізбейді. Дастархан басында ұн мен майдың бағасынан басқа темалар қозғалса. Кірді қолмен жуатынбыз дейтін кертартпа кемпірлер тез өлсе деп па))) әзіл, просто олар өмір сүру деген не екенін түсінбей кетті.

Үлкендер наконец то 300 адамға кредитке той жасап,  жас жұбайларға төлеттіруін қойса. Үлкендер балаларын 25-тен соң контрольдауын қойса. (келіндерін тоже)

Қазақ отбасы шиеленіске толы екенін тұрмысқа шыққан соң ғана байқадым. Сананы тұрмыс билейді деген рас қой. Жастарға оқыңдар, және оқыған адам секілді өмір сүріңдер дегім келеді және бала туарда үкіметпен ақылдасуды ұмытпаңдар))

Біз үшін ең, ең, ең мықты таргетолог, Людвиг Максимилиан атындағы Мюнхен университетінің түлегі педиатр, педагог Назерке Айтөре (tehero10).