July 14, 2020

ҚҰРАНМЕН ДЕМ САЛУ

Құранмен дем салу – сүннет. Айша анамыз {Алла оған разы болсын}: «Пайғамбар {ﷺ} ұйықтайтын кезде екі алақанын қосып, «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып дем үрлейтін. Сосын денесінің қолы жеткен жерлерін сипап шығатын. Пайғамбар ол ісін үш рет жасайтын», – деген [Бухари, 5017-хадис].

Екі сахих жинағында келген басқа да риуаятта Айша анамыз {Алла оған разы болсын}: «Пайғамбар ауырып қалған кезінде ол істі (дем салуды) жасауды маған бұйыратын еді», – деген [Муслим, 2192-хадис].