July 11, 2020

ДІНМЕН ОЙНАДЫҢ БА?

Ахмад ибн Ханбал мен Яхия ибн Муғиннің арасында ұзақ уақыт достық қарым-қатынас болады. Ахмад ибн Ханбал оның: «Мен ешкімнен ешнәрсе сұрамаймын. Алайда шайтан берсе де жей берем» деген сөзін естіп, онымен достығын үзеді. Соңында Яхия кешірім сұрап:

– Ойнап айтқан едім, – дейді. Сонда имам Ахмад:

– Дінмен ойнадың ба? Әлде ішіп-жеудің діннен екенін білмеуші ме едің?! Алла Тағала тамақ жеу мәселесін ізгі амал жасаудан бұрын айтып: «Адал, таза ризықтардан жеп, ізгі амал жасаңдар» деген емес пе? – дейді.

Бізге жеткен хабарларда Тәуратта былай жазылған дейді: «Кім жейтін тамағының қайдан келгеніне мән бермесе, Алла Тағала да оның тозақтың қай есігінен кіргеніне мән бермейді».