Хадис
March 25, 2020

Уағыз-насихат тыңдау

Әбу Уақид әл-Ләйсиден {Алла оған разы болсын} риуаят етілген хадисте былай делінеді:

«Бір күні Алла елшісі {ﷺ} сахабаларымен мешітте отырған еді. Кенеттен үш адам кіріп келді. Олардың екеуі Пайғамбарымыздың {ﷺ} жанына келді, ал біреуі шығып кетті. Екеудің бірі адамдар арасындағы бос орынға, екіншісі арт жаққа барып отырды. Уағызын бітірген Пайғамбарымыз {ﷺ} былай деді: «Мына үш кісі жөнінде айтайын ба? (Үш кісінің) біріншісі Алладан пана тіледі. Алла да оны өз панасына алды. Екіншісі кері қайтудан ұялды. Алла да одан ұялды. Ал үшіншісі болса теріс бұрылып кетті. Алла да одан теріс бұрылды».

Хадистен алынатын сабақтар:

  1. Білім мәжілісінің артықшылығы
  2. Білім мәжілісіне барған кісінің бос орынға отыруы
  3. Мешіттерде білімнің үйретілуі
  4. Шәкірттермен дөңгелене отырып сабақты жүргізу
  5. Ұялудың артықшылығы
  6. Ғалымдардың жанында отырудың абзалдығы
  7. Жақсы амалдарды айтып отыру