July 7, 2020

ЕР МЕН ӘЙЕЛДІҢ ЖАЛПЫ ТЕҢДІГІ

Құран Кәрімде ер мен әйелдің жалпы теңдігі жайлы:

«Ей, адамдар! Расында, сендерді еркек пен әйелден жараттық және бір-бірлеріңмен танысуларың үшін сендерді ұлттар мен ұлыстар қылдық. Күдіксіз, Алланың құзырында ең жоғарыларың – тақуаларың!» [«Хужурат» сүресі, 13-аят] – делінеді. Бұл аятта еркек пен әйел бірдей аталған. Еркекті әйелден жоғары немесе төмен қою мағынасы жоқ.

«Тәубе» сүресінде: «Иманды еркектер мен иманды әйелдер бір-бірінің досы (жақтастары). Олар ізгілікті бұйырады, жиіркенішті нәрселерден тыяды» [«Тәубе» сүресі, 71-аят]. Мұнда да еркек пен әйелдің біріне-бірінің жақындығы және ізгілікті бұйыру, жиіркенішті нәрселерден тыю сияқты моральдық жауапкершіліктің еркекке де, әйелге де бірдей жүктелгендігі көрсетіліп отыр. Демек, Құранда әйел мен еркек қатар аталады.