July 19, 2020
ТОЗАҚ КІМГЕ ХАРАМ БОЛАДЫ?
Пайғамбарымыз {ﷺ} бірде:
– Тозақ кімге харам болатынын білесіңдер ме? – деп сұрайды. Сахабалар:
– Алла және Оның елшісі жақсырақ біледі, – деседі. Сонда Пайғамбарымыз {ﷺ}:
– Жұмсақ, қарапайым адамдарға жақын кісіге тозақ харам болады, – дейді [Тирмизи].
Әбу Һурайра {Алла оған разы болсын} риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз {ﷺ}: «Алла Тағала қарапайым, жайдары кісіні жақсы көреді», – дейді [Байхақи].