Құран
May 9, 2020

Құран кімнің сөзі?

Әлемде мұсылмандар тәрізді кітаптарын жатқа біліп, күндіз-түні қайталаған ешбір дін өкілдері жоқ. Өздерін илаһи діннің мүшелері санайтын еврей мен христиандар да қасиетті кітаптарын дәл бұлай жаттаған емес. Әлемде бір еврей яки христиан дінінің пәленше деген ғалымы кітабын жатқа біліп, тынбай қайталап оқиды екен деген сөзді ешкім естіген де емес. Иә, Құранның оңай жатталуы – оның Алланың сөзі екендігінің дәлелі. Бұл Құранға ғана тән қасиет.