July 14, 2020

СҮЙІНШІ ХАБАР

Әбу Идрис Хауалани Муғаз ибн Жабалға {Алла оған разы болсын}:

– Мен сені Алла үшін жақсы көремін! – деген кезде Муғаз {Алла оған разы болсын} оған:

– Саған сүйінші хабар айтайын. Мен Алла елшісінің {ﷺ}: «Қиямет күні Аршының айналасына бір топ адамдар үшін орындықтар дайындалады. Олардың жүздері он төртінде толған айдай болады. Адамдар үрейленген кезде олар үрейленбейді. Адамдар қорыққан кезде олар қорықпайды. Олар өздеріне ешбір қауіп пен қайғы болмаған Алланың достары. Бұлар бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көрген адамдар», – дегенін естідім», – дейді.