July 19, 2020

КІМ ЖӘНЕ НЕ?

Бірде Пайғамбарымыз {ﷺ}:

– Мұсылман дегеннің кім екенін білесіңдер ме? – дейді. Сахабалар:

– Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі, – деседі. Сонда Пайғамбарымыз {ﷺ}:

– Мұсылман – өзге мұсылмандар оның қолынан және тілінен зиян көрмеген адам, – дейді. Сахабалар:

– Ал мүмін деген кім? – дейді.

– Мүмін – өзге мүміндер малдары мен жандары үшін қауіптенбеген адам.

– Ал мұхажир деген кім?

– Мұхажир – жаман істі тастап, одан сақтанған адам, – деп жауап береді Пайғамбарымыз {ﷺ}. Бір кісі тұрып:

– Уа, Алланың елшісі, Ислам деген не? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз {ﷺ}:

– Жүрегіңнің Аллаға бойсұнуы және қолың мен тіліңнің мұсылмандарға зиянсыз болуы, – деп жауап береді [Табарани, Хаким].