July 10, 2020

ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ АДАМҒА УАҚЫТ БЕРУ ЖӘНЕ КЕШІРІМ ЖАСАУ

Пайғамбар {ﷺ}: «Бір кісі қайтыс болып, жәннатқа кіреді. Одан: «Сен нендей амал жасайтын едің?» – деп сұрайды. (Сонда) ол өзі немесе біреудің есіне салуы арқылы: «Мен адамдармен сауда келісімін жасағанымда қиын жағдайдағы адамға (қарызын қайтаруы үшін) уақыт беретінмін және ділдәға немесе ақшаға қатысты (қарызды) кешіретінмін», – дейді. Сөйтіп, оған кешірім жасалады», – деген.

Әбу Масғұд {Алла оған разы болсын}: «Алла елшісінен {ﷺ} мұны мен де естігенмін», – деп айтқан (1560/28).