July 7, 2020

ИСЛАМ ДІНІ ӘЙЕЛГЕ ҚЫСЫМ КӨРСЕТЕ МА?

Исламның қайнар көзі болған Құран Кәрім мен сүннетте Ислам дінінің әйелге деген ұстанымы анық тұжырымдалса да әлдекімнің «әйелге қысым көрсетіп, олардың құқықтарын аяққа таптайды» деп Исламға кінә тағуы қисынсыз.

Шындығында, көп жағдайда сенім еріктілігіне негізделген Исламды кейбір ескіліктен қалған дәстүрмен әрі кейбір мұсылмандардың әйелдерге жөнсіз қарым-қатынастарымен байланыстырып шатастыру бар. Себебі кейбір мұсылман қауымында әйелдер жағдайының ауыр күйде қалуы ислами тағылымдардың нәтижесі емес, керісінше, Ислам құндылықтарының тасада қалуынан туындап отыр [36, 286-288-б.].