July 7, 2020

ИСЛАМ ДІНІНДЕ ӘЙЕЛ МЕН ЕРКЕКТІҢ ӨЗ ОРНЫ БАР

Бұрынғы Кеңес үкіметі 75 жыл ішінде ғасырлар барысында қалыптасқан әйел мен еркектің арақатынасын мүлде өзгертіп жіберді. Әйелдің құқықтарын көтереміз деп, көбінесе әйелге бейберекет ырық пен өзімшілдік мінез берді. Тіпті, оларды ауыр жұмыстарға салды. Әйелдер мен еркектерді теңестіруімен әйелдің әйелдік қасиеттерін айтарлықтай жойып, табиғи үйлесімділікті бұзды. Қазір әйелдік нәзіктік, әйелге тән инабаттылық сирек кездесетіні ащы болса да шындық. Себебі атеизм мен материализм, отаршылдық пен мәңгүрттендіру тәрбиесі әйелдерді сана және психология жағынан еркекке айналдыруға тырысқан.

Әйел мен еркекті үстемдікке таластырудың қажеті жоқ. Ислам дінінде әйел мен еркектің өз орны бар. Еркек жасай алатын нәрсені әйел жасай алмайды. Әйел жасай алатын нәрсені еркек жасай алмайды. Ислам дінінде екеуі бірін-бірі толықтырып тұрады [77, 8-б.].