Сира
April 8, 2020

Алланың елшісі {ﷺ} тез-тез тізбектеп сөйлемейтін

Айша анамыздан {Алла оған разы болсын}:

«Алланың елшісі {ﷺ} сендер секілді тез-тез тізбектеп сөйлемейтін (Сөзді бірінен соң бірін асығыс айтпайтын. Тез сөйлеген жағдайда естуші адамдарға түсініксіз болып, оның сөзін ұғып, жаттай алмаушы еді).

Алайда сөздердің арасын бөліп, анық сөйлейтін (Бір сөзді екінші бір сөзге қоспай, естіген адам түсіне алатындай, естіген сөзін қайталап бере алатындай анық сөйлейтін. Міне, бұл тәсіл айтылған сөзді жаттауға, есте берік сақтауға, ой елегінен өткізіп алуға мүмкіншілік береді. Содан адамда естіген нәрсесіне қатысты күмән да, түсінбеушілік те тумайды).

Қасында отырған адам сөзін жаттап алатын [«әш-Шәмәил әл-Мұхаммадия», 140-бет]».