March 11, 2020
СЕГІЗІНШІ КҮН
Әлемде ең жылдам жылдамдық жарық жылдамдығы екен. Уақыт қазір содан да жылдам болып кеткен сияқты ма, қалай?) Уже марафонның соңына жақындап қалдық.
БҮГІНГІ ТАПСЫПМА:
- Өткен эфирлердің арасында көре алмай қалғаныңыз болса, толық қарап шығыңыз. Себебі, барлық эфир бір бірімен тығыз байланысты. Алдыңғыны толық түсінбей, кейінгісін түсіне алмай қалуыңыз мүмкін. Және, конспектті толықтыруды да ұмытпаңыз)
- Балаңыздың тамақтануына мән беріңіз. Егер дені сау, қайратты ұрпақ тәрбиелегіңіз келсе, қазірден, бүгіннен бастап тамағына толық мән беріңіз. "Жыламасыншы" деп қалаған нәрсесін алып бере беруді доғарыңыз. Бала білмейді: ненің жақсы, ненің зиян екенін. Ақырындап, жай түрде түсіндіріңіз)
- Баланың тамақтануын сапалыға ауыстыра бастаңыз ақырындап. Мектепке, оқуға барарда сырттағы кез келген затты алып жемеуін қадағалаңыз. Мүмкіндігіңізше өзіңіз дайындап беруге тырысыңыз.
Тек қана баланың ғана емес, жалпы отбасының сапалы тамақтануын қолға алыңыз) - Бүгінгі сүннет амал - тамақтанудан 15-20 минут алдын су ішу. Әр тамақтанудан алдын осы әрекетті әдетке айналдырыңыз. Асқазаныңыз сізге күштілеп рахмет айтатын болады)
- Телеграмға берілген фильмді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ көріңіз. Мүмкін болса, бүкіл отбасыңызбен көріңіздер. Көп нәрсеге көзқарастарыңыз өзгеруі мүмкін)
- Ертең бейсенбі. Мүмкіндігіңізше ораза ұстаңыз. Әрі сауап жинайсыз, әрі денсаулығың
- Эфир бойынша, сол фильм бойынша алған әсеріңізбен постта бөлісіңіз!
Тақырып: ТАМАҚТАНУДЫҢ ШЫНДЫҒЫ
Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафоны8күн
Мына парақшаларды белгілеуді ұмытпаңыз: @korkem_angime және @tegin.marafon
March 11, 2020, 10:08
0 views
0 reactions
0 reposts