@bb.challenge
96 posts

БІРІНШІ ТАПСЫРМА

Қайырлы кеш, ханымдар, қыз-келіншектер мен аяулы арулар! Жақсылыққа ұмтылған ниеттеріңізге қарай, Алла ниеттеріңізді қабылдап, қуанышты жағдайларды нәсіп етсін! Әр айда жасап отыратын тегін марафонымызға қош келдіңіздер! Алдағы он күн сіздмен бірге көптеген қызық, пайдалы ақпараттармен тапсырмаларды беріп, кішкене болсын өміріңіздің мәнді өтуіне септігімізді тигізгіміз келеді! Олай болса, басталды. "Биссмиллә"!

20-21 ТАПСЫРМАЛАР

Рамазан - кешірім айы, рахым айы, жақсылықтың айы, күнәлардан тазартарын мүмкіндік айы. Осындай мерекелі, керемет мүмкіндікке толы болған, сағынып күткен ай да өз мәресіне жетуге таяп қалды. Бүгін, міне, 9 күн қалды.

ОН СЕГІЗІНШІ КҮН

Уақыт деген расымен зуылдап өтіп бара жатыр: рамазанның аяқталуына 12 күн ғана қалды! Бүгін сіздерге қызық тапсырма бергелі жатырмыз: БҮГІН СҮННЕТ ОРЫНДАП ЖАРЫСАЙЫҚ! Яғни, бір күнде қанша сүннетті орындай аласыз? Өткен тапсырмаларда, Көркем әңгіме парақшасының посттарында көптеген сүннет амалдардың тізімін беріп жатырмыз. Соларды қарап шықсаңыз болады! Араларыңыздан ЕКІ ХАНЫМҒА АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІЗ! ЖАРЫС КЕШКІ САҒАТ 21:00ге ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ! Орындаған сүннет амалдарыңыздың бәрін тізімін жазып өз сторизіңізге саласыз, бізді @korkem_angime парақшасын белгілейсіз! Болды! Осы ғана! Алла бұйыртса, сауаппен қоса СЫЙЛЫҚ та алуыңыз әбден мүмкін) СӘТТІЛІК!

ОН ЖЕТІНШІ ТАПСЫРМА

Әрбір атқан таң, әрбір күн - Алланың бізге берген баға жетпес нығметі, теңдесіз байлығы. Ал, оны сезіну, ұғыну, сондай нығметтер үшін әр сәт сайын Алланы еске алу - өте тамаша игі амал! Рамазанның аяқталуына да екі аптадан аз уақыт қалды!

15-16 ТАПСЫРМАЛАР

Қасиетті айдың жартысы артта қалды. Алда тек 14-ақ күн қалды) Расымен, уақыт осы жолы өте жылдам өтіп жатыр, ия?! Келісесіз бе?

15-16 ТАПСЫРМАЛАР

Қасиетті айдың жартысы артта қалды. Алда тек 14-ақ күн қалды) Расымен, уақыт осы жолы өте жылдам өтіп жатыр, ия?! Келісесіз бе?

ОН ТӨРТІНШІ ТАПСЫРМА

Күн сайын Алланың берген сансыз нығметтерін көріп, олардың қадір-қасиетін ұғынып жатқын шығарсыз. Көп аймақтарда күн сайын ауа да жылып, жаздың лебі де сезіліп жатыр! Аллаға шүкір! Рамазанның үшінші жұмасына де келіп жеттік!

ОН ҮШІНШІ ТАПСЫРМА

Бейсенбі - Жұмаға дайындалатын дайындық күні. Яғни, мүбәрәк айдағы мүбәрәк күнді ерекше дайындықпен қарсы алу күні.

ОН ЕКІНШІ ТАПСЫРМА

Рамазан - дұғалардың қабыл болатын, кешірімдердің қабыл болатын кешірім айы, рақымдылық айы! Рамазанның аяқталуына он жеті күн қалды! Демек, бізге асығу керек!

ОН БІРІНШІ ТАПСЫРМА

Әне-міне дегенше Рамазанның алғашқы онкүндігін аяқтадық! Аллаға сансыз, соңсыз шүкірлер болсын!