СОҢҒЫ КҮН
Басталғаны кеше ғана сияқты еді, бүгін уже соңғы күннің тапсырмасын орындағалы жатырмыз. Онкүндіктің дерлік барлығында арнайы тақырыптар талқыланды, түсіндірлді. Көптеген пайдалы техникалар мен лайфхактар айтылды. Барынша сіздерге көмегі тисе екен деген бар білген ақпараттармен бөлістік)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Ең біріншісі - кешегі эфирді көру. Сіздер күнде қайталап сұрап жүрген, әсері тез болатын ем түрі - хиджама туралы толық түсіндірілді. Қалай? Не үшін? Қанша? осы сұрақтарға жауап берді!
- Бүгіннен бастап ұйқыңызды реттеңіз. Қатаң түрде! Өзіңізді қолға алыңыз! Өз денсаулығыңыздан артық тұратын ештеме жоқ. Исламда да, медицинада да қатаң айтылады: таң атқанға екі сағат қалғанға дейін адам ояу болу керек. Және сол . тұрғаннан соң "10 минут жата тұрайын" дегенді тоқтатыңыз. Ұйқыға артығымен 23:30да жату керек.
- Бүгінгі сүннет амал - күндізгі ұйқы. Ең көп дегенде бір ғана сағат ұйықтау керек және таңертегі тұрған уақыттан дәл алты сағаттан соң. Түнгі қалың ұйқының 3-5 сағатын басады осы күндізгі сүннет ұйқы
- Бүгіннен бастап бір мезгілде тамақтануға дағдыланыңыз. Яғни, түскі асты 13:00 ішетін болсаңыз, күнделікті дәл осы уақытта тамақтаныңыз. Бұл көптеген проблемалардың алдын алады: асқазан, бауыр, бүйрек, запор деген сияқты)
- Тағы бір денсаулыққа өтеее көмектесетін әрекет - шайнау. Тамақты ауызға салған тағамыңызды кемінде 30-40 рет шайнаңыз. Сонда аз жесеңіз де, тойымдылықты сезінетін боласыз. Асқазаныңызда да проблема болмайды!
- Осы марафон басталғалы бері көріп жатқан эфирлеріңізден, орындап жатқан тапсырмаларыңыздан алған біліміңізді, ақпаратыңызды түйіндеп, дәптеріңізге жазыңыз. НЕ ҮЙРЕНДІМ? ҚАНДАЙ ӘДЕТТІ ИГЕРДІМ? ҚАНДАЙ ӘСЕР АЛДЫМ? осы сұрақтарға жауап жазыңыз.
- Соңғы тапсырма - пост жазу. Тақырып: СҮННЕТ ЕМ
Хэштег: #дмсоңғытапсырма
Жалпы эфирден алған әсеріңізді, алған жаңа мәліметтеріңіз жайлы жазсаңыз болады. СОҢҒЫ ТАПСЫРМАНЫҢ ПОСТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА КЕРЕМЕТ СЫЙЛЫҒЫМЫЗ БАР!
Сіздермен, әрине, қоштаспаймыз: алдағы уақытта сіздерге пайдалы болатын осындай марафондарды жиі өткізуге тырысамыз)
Алла отбасыларыңызға береке, татулық, адал, мол ризық-несібе нәсіп етсін. Ауырып жатқандар болса, шипа берсін. Қандай да бір проблемасы бар жандардың істерін оңай әрі тез ретке келуін нәсіп етсін. Жандарыңызға жақын туыстарыңыздың, құрбыларыңыздың, таныстарыңыздың аман болуын нәсіп етсін. Әрбіріңіздің сіздерге хайырлы болған арман-мақсаттарыңыздың жүзеге асуын нәсіп етсін)
Ізгі ниетпен, БАЛҚИЯ БАЛТАБАЙ!