ТОҒЫЗЫНШЫ ТАПСЫРМА

Өмірде көп нәрсені асығып, ұзақ күтеміз де: уақыты келгенде зу етіп шығады. Ойлаңызшы: Рамазанның әр күні бәріне бірдей бір қап алтын беріледі. Алдағы бір жыл бойы тек осы алған байлықтарыңмен ғана күн көресіңдер, басқа берілмейді десе, не істейсіз? Бір де бір түйірін түсірмей жинап аласыз ғой ия?
Сол секілді, Рамазан айында берілетін сауаптың санын тек Алла біледі! Әрбір амалды жүрекпен жасауға тырысыңыз)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Рухани Шерудің бірде бір эфирін қалдырмай көруге тырысыңыз, уақыт табыңыз! Мұндай мүмкіндік кейінгі де қайталанбауы мүмкін: Алланы тануға кедергілердің, азғырулардың кісенделуі, уақыттың жеткіліктілігі, т.б. Конспект жазуды ұмытпаңыз!
  • Осы уақытқа дейін жеткен қандай да болсын жетістіктеріңіз, әрине, алдымен Алланың арқасында. Сондай-ақ, бір кісінің себебімен болады: сізге көмектесіп жіберген шығар, ақылын айтқан шығар, кітап сыйлаған шығар, сізді керемет жиынға немесе жерлерге алып барған шығар. Көп жағдай болуы мүмкін. Сондай сәттеріңізді есіңізге түсіріңіз және себепкер болған кісіге хабарласып, алғыс айтыңыз. Адамдарға алғыс айту - имандылықтың белгісі. Мүмкіндік болса Рамазанмен құттықтап, сыйлық жасаңыз)
  • Ертең жексенбі. Балалардың сабағы жоқ, жұмысы бар кісілерге демалыс. Жалпы, отбасының толық үйде болатын күні. Осы демалысты толық отбасыңызбен пайдалы, қызықты етіп өткізуді жоспарлаңыз. Балармен бірге исламға қатысты жеңіл сұрақ-жауап ойнап, кішігірім жарыс жасасаңыз болады. Әлі көрмеген болсаңыздар, Пайғамабарымыз Мұхаммед (с.а.с) туралы мульфильмді көріңіздер. Қандай әрекет ұйымдастырсаңыз да, толық отбасыңызбен бірге орындауға тырысыңыздар) Жаңа жылды балалар асығып күткендей, Рамазанды да солай күтетіндей етіп өткізуге тырысыңыз, Рамазанның мейрам екенін сезіндіріңіз)
  • Сүннет амалдар

    Қарыздардың өтелуі
    "Өмірім құдіреті мен еркіндігі Алланың атымен ант етейін! Қарыздар адам Алла жолында өлтірілсе, сосын қайта тірілтіп, қайта өлтірілсе, одан кейін қайта өлтірілсе, қарызын өтемей жәннатқа кіре алмайды." Демек, егер біреушге берешегіңіз бар болса, тезірек өтеп тастаңыз!

    Бос үйге кіргенде сәлем беру
    "Бір адам ішінде адамы жоқ үйге кіргенде: "Алланың сәлемі бізге және Алланың салихалы құлдарына болсын" деңдер" дйеді.
    Мұсылман кез келген үйге сәлем беріп кіруі тиіс. Бос үйдің өзінде періштелер немесе басқа руханилар болуы тиіс. Сондықтан үйге келген берекетті қашырып алма қажет)
  • Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту; Истиғфар айту; Құран оқу; Кітап оқу; Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту; Садақа беруді ұмытпаңыз!