May 5, 2020

ОН ЕКІНШІ ТАПСЫРМА

Рамазан - дұғалардың қабыл болатын, кешірімдердің қабыл болатын кешірім айы, рақымдылық айы! Рамазанның аяқталуына он жеті күн қалды! Демек, бізге асығу керек!

Сонымен, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Туыстарыңызбен тағы да xабарласыңыз. Бұл жолы алдында xабарласпаған жақындарыңызға xабарласыңыз. Қал-жағдайын сұраңыз. Мүмкіндік болса, оларды да ауызашарға шақырыңыз немесе өзіңіз барыңыз. Қазақтың аз туысы болуы мүмкін емес :)
  • Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:
    Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту; Истиғфар айту; Құран оқу; Кітап оқу; Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту; Садақа беру! Тарауих оқу!
  • Байқасаңыздар, ауырлау болатын тапсырмаларды кішкене азайтып жатырмыз. Неге? Рамазанда оқып бітіремін, осы жұмысымды аяқтаймын деген жоспарларыңызды орындауға уақыт жетсін деген оймен) Сондықтан, уақытыңызды барынша тиімді пайдалануға тырысыңыз!
  • Сүннет амалдар

    Есінеу
    "Алла есінеуді ұнатпайды. Есінеу шайтаннан болатын нәрсе. Намазда есінейтін болса өз өзін ұстауға тырыссын. "Һа" деген дауыс шығарушы болмасын. Өйткені бұл шайтаннан болатын нәрсе. Бұл шайтанның оған күлуі деген сөз"

    Түшкіру
    "Алла Елшісі (с.а.с) түшкірген кезде жүзін киімі немесе қолдарымен жабатын. Даусын да бәсеңдететін" деген.

    "Алла түшкіргенді ұнатып, есінеуді жақсы көрмейді. Кімде-кім түшкірген кезде "Әлхамдулиллаһ" десін. Оны естіген адам да "Ярхамукаллаһ" деуі қажет"
  • Көркем әңгіме парақшасындағы сабақты көру. Бүгін өте маңызды тақырыпта болды. Кейінге қалдырып жүрген жоспарларыңыз туралы нағыз ойландыратын эфир болды! Міндетті түрде толық көріп шығуға тырысыңыз!
  • Рамазанның алғашқы күні берілген КҮНТІЗБЕНІ суретке түсіріп, сторизге Көркем әңгіме парақшасын белгілеп салыңыз.
  • Бүгінгі сергіту ойыны:
    ребусты шешіп, ондағы шыққан сөздер арқылы жасырылған хадисті табу