May 14, 2020

20-21 ТАПСЫРМАЛАР

Рамазан - кешірім айы, рахым айы, жақсылықтың айы, күнәлардан тазартарын мүмкіндік айы. Осындай мерекелі, керемет мүмкіндікке толы болған, сағынып күткен ай да өз мәресіне жетуге таяп қалды. Бүгін, міне, 9 күн қалды.

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгіннен бастап кері санақ жүргіземіз. Соңғы онкүндікке өте қатты мән беру керек. Себебі осы онкүндікте Қадыр түні бар. Соңғы он күннің маңыздылығы туралы Көркем әңгіме парақщасындағы соңғы посттардағы Пайғамбарымыздың (ﷺ) мысалынан біле аласыздар!
  • Исламда ақшам намазынан кейінгі уақыт келесі күннің еншісіне кіреді. Демек, ақшам намазынан кейін Жұма кірді деп есептеуге болады. Сол себепті, мүбәрак айдағы мүбәрак күнге дайындықты бүгіннен бастаймыз. Әдеттегідей, алдымен, үйіңізге толық тазалық жасаңыз.
  • Бүгіннен бастап тарауих намазын қалдырмай оқуға тырысыңыз. Исламда нәпіл (қосымша) намаздар да бар. Ол намаздарды жылдың кез келген уақытында оқи аласыз. Алайда, дәл осы рамазан айындағы тарауих намазын тек осы ойда ғана оқи аласыз.
  • Қасиетті Құранды қазақша мағынасы болса да күнделікті оқуға тырысыңыз. Егер мүмкіндігіңіз болмаса, тыңдаңыз. Бірақ, міндетті түрде соңғы он күн бойы Құранды тыңдауды немесе оқуды үзбеңіз.
  • Теледидар қарауды доғара тұрыңыз, яғни сериал секілді дүниелерге уақытыңызды кетірмеуге тырысыңыз. Егер теледидар көргіңіз келсе, Асыл Арна телеарнасын қосып қойыңыз.
  • Соңғы күндердегі истиғфарды, салауатты көбейтіңіз! Алладан көбірек сауап алып, күнәларыңыздың кешірілгенін қаласаңыз, көбірек айтыңыз!
  • Әр күні тоқтатпай садақа беріңіздер. Қадір түніне сәйкес келіп қалса, 83 жыл садақа бергенмен бірдей сауап аласыздар Алла қаласа)
  • Әр жұмада ұйымдастырылатын ЖҰМАДАҒЫ ЖАРЫСқа қатысыңыз! Білесіздер: әр жұмада сіздерге сыйлық беріп отырамыз. Бұл жолы да сыйлығымыз бар!

    Шарт мынадай:
    Ертеңгі сторизді мұқият бақылап отырысз, әр сторизде бір сөздер жасырылады. Сол сөздерді қолданып, жасырылған хадисті табуыңыз керек.
    Және табылған хадисты өз сторизіңізге салып, біздің парақшаны @korkem_angime белгілеп салуыңыз керек.

    ЕКІ ЖЕҢІМПАЗ БОЛАДЫ! Алла қаласа)