May 1, 2020
СЕГІЗІНШІ ТАПСЫРМА
Басталғаны кеше ғана сияқты еді. Бүгін сегізінші күнді аяқтадық, Аллаға шүкір!
Әлі уақыт бар деп, кейінге қалдырып жүргенде, қалай аяқталып қалғанын білмей де қаламыз! Әрекетті дәл қазір бастап кетіңіз! Әлі де кеш емес!
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Бүгінгі эфирді көрген ханымдар бар ма? Қасиетті Құран жайлы қандай құнды ақпараттар айтылды, ия?! Егер эфирді көрген болсаңыз, демек сіз бақытты жансыз!
Алла сізге сол эфирді көруді нәсіп етіп отыр! Демек, бекер емес! Мүмкіндік: Алланың разылығын алуға!
Конспект жасауды ұмытпаңыз) - Өзіңіз танитын құрбыларыңыз, туысыңыз немесе жай танысыңыз болса да, сырқаттанып жатқан болса, жағдайын сұраңыз. Сырқат адамға сіздің бір ауыз айтқан жылы сөзіңіздің өзі үлкен қуат береді.
«Мұсылманның басқа мұсылманның алдында бес ақысы бар: сәлеміне жауап беру, ауырып қалғанда көңілін сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырғанда бару, түшкіріп "әлхамдулиллаһ" деген кезінде "йәрхамукаллаһ" деп айту» - Кейде балаларыңыздан көп нәрсені талап етесіздер: тәртіпті болуды, шуламауды, сабаққа барса, тек бес алуды, т.б. Кейбір айтулы күндері ғана (туған күн, мереке) оның әлі кішкентай бала екені есімізге түседі. Бүгін балаңызды қуантыңыз: сыйлық жасаңыз, ең сүйікті тамағын пісіріп беріңіз, достарымен аулада қалағанынша ойнауға рұқсат беріңіз, қалай қуантсаңыз да өз еркіңіз. Егер студент болсаңыз,өзіңіздің бауырларңызды қуантыңыз: қалай жасайсыз, өз еркіңізде)
- Сүннет амалдар: су ішу әдебі
"Суды түйе сияқты бір демде ішпеңдер. Екі-үш рет деммен бөліп-бөліп ішіңдер. Су ішкен кезде "Бисмиллаһ" деп айтыңдар. Ішіп болған соң Аллаға шүкіршңлік айтыңдар".
"Су ішкенде суы бар ыдысқа үрлемеңдер"
Омар (р.а) жеткізеді: "Алла Елшісі (с.а.с) қой секілді жатып еріндерімізбен су ішуге тиым салды. Сондай-ақ, бір алақанмен алақагдап су ішуге де тыйым салды. Ол: "Біреу ит сияқты суды еріндерімен ішуші болмасын! Алланың қаһарына ұшыраған ел сияқты бір қолымен де ішпесін. Суды шайқамай түнде ішпесін. Егер аузы жабық болса, шайқамай іше берсін".
"Кімде-кім күміс ыдыстан су ішетін болса, қарнына тозақ отын толтырғандай болады".
Әбу Һурайра (р.а) "Алла Елшісі (с.а.с) су ыдыстың аузынан кесеге құймай ішуге тыйым салды". - Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту; Истиғфар айту; Құран оқу; Кітап оқу; Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту; Садақа беруді ұмытпаңыз!
- Бүгінгі ойын шарты былай:
Төменде берілген кестедегі сүрелерде берілген сөздерді тауып, жасырылған хадисті жазыңыз.
Көркем Әңгіме парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз!
Мысал:
Мұнда, Жәсия сүресінің 23-аятындағы 8-сөз: НӘРСЕНІҢ Дәл осылай, қалай жазулы тұр солай жазып алыңыз! ЕСКЕРТУ! Жақшаның ішіндегі сөздер есептеледі! Және сызықша арқылы жазылған сөздер БІР СӨЗ болып есептеледі!