СЕГІЗІНШІ КҮН

Күндердің сұлтан болған - Жұма құтты болсын!
Қуанышты хабарлар мен жақсы амал-әрекетке толы болсын!
Дұға-тілектеріңіз, амал-құлшылықтаырыңыз қабыл болсын!

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ:

  • Байқаған шығарсыздар: марафонымыздың уже сегізінші тапсырмасын орындағалы жатырмыз. Күннен күнге тақырыптар күрделеніп, құндылығы артып жатыр. Демек, бірде бір эфирді қалдырмай, толық көріп, қайталап, барынша ақпаратты сіңіріп қалуға, алып қалуға тырысу керек. Сондықтан, @TEGIN.MARAFON парақшасына салынып жатқан эфирлерді, күнделікті сабақтарды қарап шығыңыздар! Керек жерін дәптерге түртіп алыңыздар) Барлығы өздеріңіз үшін!
  • Бүгін жұма. Әр жұмада Кәһф сүресін оқу/тыңдау - сауапты амалдардың бірі! Мүмкіндігіңізше тыңдаңыз, оқыңыз! Бұл сүрені оқығанның пайдасы туралы телеграм каналдан оқи аласыз!
  • Бүгіннен бастап рамазандағы ауыз ашатын уақыттағы және ауыз бекітетін уақыттағы дұғаларды жаттап бастаңыз. Балаларыңызға да үйретіңіз.

Ауызашардағы дұға:

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту«.

«Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Ауыз бекітердегі дұға:

«Науайту əн асума шаһра Рамадан минəл фаджри илəл мағриб халисан лиллəһи таъала. Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан».

«Рамазан айының оразасын Алла разылығы үшін ұстауға ниет еттім».
  • Осы дұғаларды шығарып, көзге көрінетін жерге жабыстырып қойсаңыз болады!
  • Дұғалардың қабыл болатын уақытттарының бірі - ауызашар уақыты. Қазірден бастап, оразада дұғаңызға қосқыңыз келетін, дұғаңызда сұрайтын тілектерді, проблемаларды жазып қойыңыз. Сонда, кейін ауызашарда дұға еткенде "Не сұрасам екен? Не сұрайымын деп едім?" деп қиналмайсыз!
  • Бүгін міндетті түрде садақа беріңіз. Садақа деген - тек ақшалай ғана емес! Басқа қалай садақа беруге болады? деген сұрағыңызды @TEGIN.MARAFON парақшасының ең алғашқы видеосынан біле аласыздар!
  • Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту - сіздің күнделңкті әдетіңізге айналу керек! Бүгін де айтуды естен шығармаңыз!
  • Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянын оқып жүрген шығарсыздар? Күніне ең кемі бес беттен оқысаңыз да, толық аяқтауға тырысыңыз! Егер оқуға уақытым жетпей жатыр десеңіз, біздің телеграм каналда аудио нұсқасы бар, соны тыңдасаңыз болады! Алла қаласа, алдағы күндердің бірінде осы кітап бойынша кішігірім сұрақ-жауап жасаймыз!
  • Пост жазуды ұмытпаңыз! Көркем әңгіме парақшасындағы жарияланған жеңімпаздарды көрген шығарсыздар? Алла қаласа, сіздің де солай жеңімпаз болуыңызға мүмкіндік бар!
    Бүгінгі тақырып: СӘРЕСІ мен АУЫЗАШАР уақытындағы тамақтану
    Пост хэштегі: #рамазанғадайындық8күн #көркемәңгіметегінмарафон
    Постыңызға мына парақшаларды МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕЛГІЛЕҢІЗ:
    @korkem
    angime және @tegin.marafon

    БҮГІНГІ СЫЙЛЫҚ - СЮРПРИЗ!
    ЕКІ ЖЕҢІМПАЗ БОЛАДЫ!

    СӘТТІЛІК!