April 6, 2020
ТӨРТІНШІ КҮН
Басталғаны кеше ғана секілді еді: бүгін уже төртінші сабақты аяқтап, тапсырмасын орындағалы жатырмыз) Аллаға шүкір: кішкене болса да, бір күніңізді келесі күніңізге ұқсатпауға тырысып жатырсыз!
Егер араларыңызда бүгін ораза ұстаған ханымдар болса, ниеттеріңіз қабыл болсын!
Білесіздер: АУЫЗАШАР УАҚЫТЫНДАҒЫ ДҰҒА қабыл болудың басты уақыттар тізіміне кіреді! Дұғаларыңыз қабыл болсын!
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Төртінші сабақты көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, міндетті түрде қараңыз! Білесіздер, тапсырмада берлігенімен, эфирде толық ақпарат айтылады. Дәптеріңізге керек жерін түртіп алыңыз! Өзіңіз үшін)
- Эфирде айтылған тапсырманы, техниканы орындаңыз. Алла бұйыртса шын көңілден орындасаңыз, нәтиже болмауы мүмкін емес)
- Балаңызға кішкентай дұғаларды үйретуге тырысыңыз. Ең болмағанда тасбих дұғасын үйретіңіз: «Субханаллаh» ; «Әлхамдулилләh» ; «Аллаhу әкбәр». Егер студент немесе оқушы болсаңыз, ініңізге немесе сіңліңізге үйретіңіз. ЖӘНЕ ЕҢ БАСТЫСЫ: НИЕТ ЕТУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ!
- Өзіңіз де рамазанға дейін күнделікті айтылатын дұғаларды күніне біреуден немесе аптасына үш дұғадан жаттауды бастаңыз. Күнделікті дұғалардың мысалы: тамақтанған соң айтылатын "Ас дұғасы"; дәретханадан шыққан соң айтылатын дұға, үйден шыққанда оқылатын дұға, таңертең оянғанда айтылатын дұға, т.б.
ДҰҒАЛАРДЫҢ ҮЛГІСІН ТЕЛЕГРАМ КАНАЛҒА ЖІБЕРЕМІЗ! - Алдағы уақытта кішкентай болсын жаңа іс-әрекет бастамас бұрын, ата-анаңыздан, үлкен кісілерден бата/дұға сұрауды әдетке айналдыруға тырысыңыз! Бұл әдеттің пайдасы туралы эфирден толық қарап алыңыз!
- Пайғамбарымызға (с.а.с) 100 салауат айтуды
- Пайғамбарымыздың өмірбаянын оқуды
- Садақа құтысына 100тг салуды ұмытпаңыз!
- Кешегі тапсырмада айтылғандай, мүмкіндігіңізше күнделікті Құран тыңдап жатуға тырысыңыз)
- Бүгінгі күннің соңғы тапсырмасы - ПОСТ ЖАЗУ!
Бүгінгі посттың сыйлығы - 13-сәуірде басталатын 5000 теңгелік "АҚША және МЕН" сабағына БЕС ТЕГІН БИЛЕТ!
Пост тақырыбы: ДҰҒАНЫҢ ӘСЕРІ
Осы уақытқа дейін жалпы өміріңізде дұға жасап, аз уақыттың ішінде қабыл болып, Аллаға махаббатыңыз артқан кез бір рет болса да болған шығар.
Постта дәл осы жағдай туралы жазыңыз немесе сабақ бойынша жазсаңыз да болады. Бастысы шынайы болса болғаны)
Пост хэштегі: #рамазанғадайындықкүн #көркемәңгіме_тегінмарафон
Постқа мына парақшаларды белгілеуді ұмытпаңыз:
@korkem_angime және @tegin.marafon
April 6, 2020, 12:13
0 views
0 reactions