March 4, 2020
АЛҒАШҚЫ КҮН
Аллаға сансыз шүкір: көптен күткен марафонымыз басталды! Бүгін алғашқы күн!
Жаңадан қосылып, енді бірінші рет қатысайын деп жатқан ханымдар, біз мұндай онкүндік тегін марафонды әр ай сайын өткізіп тұрамыз Алла бұйыртса. Бұл біздің өткізгелі отырған бесінші тегін марафонымыз.
Әр марафонда арнайы тақырыптар таңдалып, сол тақырыпқа байланысты тапсырмалар, материалдар, видеолар мен фильмдер беріліп отырады.
Өткен марафондар салауат және шүкіршілік, жеке шекара, денсаулық тақырыптарында болды. Бұл жолғы тақырып - ТАМАҚТАНУДЫҢ ШЫНДЫҒЫ МЕН СҰМДЫҒЫ!
Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Тапсырмаларды орындамас бұрын ниет етуді ұмытпаңыз!
- Бүгінгі күнді Биссмиллямен, дайындықпен бастаймыз. Эфирді көрдіңіздер ме? Көрмеген ханымдар болса, міндетті түрде көруді талап етеміз. Себебі марафонның кіріспе эфирінде марафон жайлы толық ақпараттарды ала аласыз, арнайы сіздер үшін жасалған эфир😘
- Біздің ютуб каналымыздағы НИЕТ тақырыбындағы мына видеоны міндетті түрде қарап шығыңыз👇👇👇
- Бүгіннен бастап өз тамақтануыңызға мән беріңіз: қай тағамға тәуелділігіңіз көп? "Осыны жемесем, болмайды" деген тағамдарыңыз бар ма? Сол тағамың қаншалықты денсаулығыңызға қаншалықты пайдалы немесе зиянды екені жайлы ақпараттарды іздеңіз
- Алла қаласа, бүгіннен бастап дәл осы тамақтану тақырыбындағы Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннет амалдарын беріп отырамыз. Мүмкіндігіңізше толық орындауға тырысыңыз.
Бүгінгі сүннет амал - тамақты "Бисмиллаһпен" бастау және оң қолмен тамақтану.
Хадисте: "Кімде-кім бір нәрсе жегенде "Бисмиллаһ" десін. Бірақ, алғашқы кезде ұмытып кетсе есіне түскен кезде "Басы үшін де, соңы үшін де Бисмиллаһ" деп айтсын деді. - Сонымен қатар, Алла қаласа ертең бейсенбі. Демек, көпшілігіңізге белгілі аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау - сүннет! Мүмкіндігіңізше, ораза ұстауға тырысыңыз және ең бастысы: ниет етуду ұмытпаңыз!
- Эфирден алған әсеріңіз жайлы, алған жаңа ақпараттар жайлы пост жазыңыз. Постқа қандай сурет қойсаңыз да өз еркіңізде. Ең үздік, шынайы жазған екі ханымға СЫЙЛЫҚ береміз! Ал, жалпы пост жазған барша ханымға біздің кез келген сабаққа 20% жеңілдік сыйлаймыз!
Посттың тақырыбы: ТАМАҚТАНУ МАРАФОНЫ 1-КҮН
Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафоны1күн
Постқа @korkem_angime және @tegin.marafon парақшаларын белгілеуді ұмытпаңыз!
March 4, 2020, 06:01
0 views
0 reactions