ЕКІНШІ КҮН

Қалай болды бүгінгі күндеріңіз? Кешегі тапсырмаларды орындап бастадыңыздар ма? Хадисті таптыңыздар ма?

Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Білесіздер: тек қана осы рамазан айында оқылатын намаз бар - тарауих. Мүмкіндігіңіз келсе, тарауих намазын отыз күн бойы оқуды бастаңыз. Қалай оқу керек екенідігі жайлы біздің телеграм каналда жазылған, толығымен!
  • Өткен тапсырмада бірқатар күнделікті орындалатын әрекеттер берілді. Яғни, салауат айту, истиғфар айту, кітап оқу, Құран оқу. Осы әрекеттерді қалдырмай орындауды жалғастырыңыз. Құран оқудан басқа әрекеттерді хайыз кезінде де жасауға болады)
  • Садақа құтысы жайлы білесіз бе? Білсеңіз, керемет: ары қарай жалғастырсаңыз болады. Білмейтін ханымдар, ТЕГІН МАРАФОН парақшасында дәл осы садақа құтысы туралы арнайы видео бар, соны қарап шығыңыздар. Және, бүгіннен бастап күнделікті садақа беруді қолға алыңыз!
  • Бүгінгі сүннет амал - тамақты тұзбен бастау. Яғни, дұғаңызды оқып, аузыңызды ашып болған соң, кішкене тұз жеңіз, одан кейін тамақтануды бастаңыз. Ауызашар, сәресі дастарханын дайындап жатқанда тұз қойып қоюды ұмытпаңыз! Егер бұл әрекет бізге пайдасын тигізбегенде еді, Пайғамбарымыз (с.а.с) жасамас еді)
  • Рамазан күнделігінде берілген кестеде ШҮКІРШІЛІК деген пункт бар. Күнделікті кемінде екі шүкіршілік жазып отырыңыз. Тек ауызбен айтып, мимен ойлап қана жаза салмай, сол жазған шүкіршілігіңізді кәдімгідей жүрекпен сезініңіз! Алла - уәделерді Орындаушы: біз шүкір еткен сайын, шүкір ететін нығметтерді арттыра береді!
  • Уәде еткеніміздей, бүгінгі тапсырмада кезекті ойын бар. Шарт бұрынғыдай: ЖАСЫРЫНҒАН СӨЗДЕРДІ ТАУЫП, ШЫҚҚАН СӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ХАДИСТІ ЖАЗУ. Осы ребусты барлық отбасыңызбен бірге шешіп көріңіз. Кішкене жарыс етіп ұйымдастырсаңыз да болады: СӨЗДЕРДІ КІМ БІРІНШІ ТАБАДЫ? деген секілді. Сәйкесінше, бірінші тапқан адамның бір қалауын орындайсыздар) Сол үшін, алдымен фотоны сақтап алыңыз да, ватсаптан жіберіп алыңыз!