ҮШІНШІ КҮН

Аллаға сансыз шүкір: марафонымыздың барлық дайындығын аяқтап біттік! Солай ма? Көптеген жаңа ақпараттар алып жатқан шығарсыздар, иә?! Біз сіздерге қалай жанымыз ашып түсіндіріп, білгенімізбен бөлісіп жатсақ, сіздер де қолдарыңыздан келгенше барша туыстарыңыз бен құрбыларыңызға айтыңыздар, таратыңыздар. Бастысы: ниет етуді ұмытпаңыздар)

Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгін жексенбі: көпшілігіңізде демалыс. Апталық қарбаластан соң, өзіңізге кішкене демалыс жариялаңыз. Бүгін міндетті түрде ең болмағанда 15 минут болса да таза ауада серуендеуге тырысыңыз. Тірлік бітпейді, ал денсаулық - Алланың бізге берген аманаты. Есігіңіздің алдына шығып отырсаңыз да, паркке барып жүрсеңіз де өз еркіңіз. Есіңізде болсын: таза ауамен тыныстау - тек миға ғана емес, толық ағзаға пайдалы әрекет)
  • Бүгіннен бастап, Пайғамбарымыз (с.а.с) жасаған денсаулыққа пайдалы бір сүннет амалдан жасап отыратын боламыз. Бүгінгі сүннет амал - дәретпен жүру. Үнемі дәретпен жүрудің қаншалықта пайдалы екенін біздің посттан таба аласыз немесе интернеттен қарап көрсеңіз болады. Тек қана денсаулыққа ғана емес, алдын ала ниет етіп жіберсеңіз, мол сауапқа кенелесіз, үнемі Алланың қорғанында боласыз)
  • Эфирді қайталап көруді ұмытпаңыз: себебі эфирде көптеген маңызды ақпараттар айтылды, басты сұрақтарға жауап берілді. Керек жерін дәптеріңізге түртіп алыңыз)
  • Алғашқы эфирде айтылғандай, күнделікті пост жазып жүрген ханымдарға әр күні сыйлығымыз бар. Бұл жолы да эфирде айтылған денсаулыққа байланысты лайфхактар туралы ,видеолардан түйгендеріңіз жайлы пост жазыңыз. Тағы да ескертеміз: біздің осыншама еңбегіміз бен әрекеттеріміз арнайы сіздер үшін жасалынып жатыр: біздің білген ақпаратты сіздер де білсеңіздер екен, денсаулықтарыңыз қуатты болса екен деген ниетпен) Ең керемет жазылған БЕС ПОСТ иесіне тосын сыйымыз ба! Постқа #денсаулықмарафоны3күн деген хэштег қоюды және @korkem_angime парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз)
  • Өткен тапсырмаларда айтылған әдеттерді күнделікті режиміңізден қалдырмаңыз. Олардың барлығы қайталанып жасалынуы керек әрекеттер. Бал мен зәмзәмді ішуді бастаңыз. Үйіңіздегі жандарға айтыңыз, оларға да беріңіз, қасиетін түсіндіріңіз. Егер өзіңіз толық білмейтін болсаңыз, кешегі эфирді қайталап көріп шыңығыз. Кешегі эфир @tegin.marafon парақшасында!
  • Телеграмға берілген видеоларды міндетті түрде көріңіз. Себебі ертеңгі постта сіздерге сол видеолардан сұрақтар қоятын боламыз, дұрыс жауап берген ханымдарға сыйлығымыз бар😍. Шарттар тағы да айтылатын болады!