December 13, 2019
СЕГІЗІНШІ КҮН
«Қайсы бірің малы мен бала-шағасы үшін қорықпай таң аттырса, дені сау, әрі сол күнге жетер азығы болса, бейнебір дүние оған есіктерін айқара ашқандай» (Бухари)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Бүгін сенбі, аптаның соңы. Жұмыстан шаршаған боларсыздар. Бүгінгі күннің шүкіршілігі жеке қабілетке арналады. Сіз үшін күнделікті жасап жүрген әрекеттеріңіз басқалар үшін үлкен еңбекпен жасалады. Дәл сіз секілді тамақты ешкім істей алмауы мүмкін, сіз секілді киімді ешкім үтіктеп немесе тіге алмауы мүмкін. Әрбірімізге Алла ерекше, қайталанбайтын қабілет берген: сол қабілеттер арқылы өмір сүріп, арманымызға жетіп жатырмыз. Сол үшін де Аллаға сансыз шүкірлер айтуымыз керек.
- Телеграмда берілген "В погоне за счастьем" фильмін көріңіз. Көріп қойған болсаңыз, қайталап көріп шықсаңыз болады)
- Шүкіршілік дәптеріңізге 5 шүкір жазуды ұмытпаңыз.
- Пайғамабарымызға (с.а.с) салауат айтыңыз
- Садақа құтысына 100тг салуды ұмытпаңыз)
December 13, 2019, 14:55
0 views
0 reactions
0 reposts