November 21, 2019

21-КҮН

Қасиетті айдағы қасиетті жұма құтты болсын! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, отбасыларыңызға бақыт пен береке тұрақтасын, ризықтарыңыз молайсын!

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Жұма - күллі мұсылман үшін мереке күні. Жұма намазына дейін ғұсыл алыңыз, тазаланыңыз. Үйіңіздің ауасын тазартыңыз: терезелерді бірнеше минутқа ашып қойыңыз.
  • Міндетті түрде асыр намазына дейін садақа құтысынан басқа садақа беріңіз, кімге берсеңіз де өз еркіңіз. Білім жолында жүрген студенттерге, оқушыларға берсеңіз де болады.
  • Өмірден өткен жақын-туыстарыңызға арнап Құран бағыштаңыз, дұға жасаңыз.
  • Кәһф сүресін оқыңыз немесе тыңдаңыз.
  • Бүгінгі хадис:
«Расында, бұл күн – Алланың мұсылмандар үшін мейрам еткен күні. Сендерден біреу жұмаға келетін болса, ғұсылдансын (толық жуынсын). Және кімде иіс су бар болса, себінсін. Әрі мисуакпен тістеріңді тазалаңдар».
  • Алланың көркем есімдері:

37.Әл-Ғалиу – Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте.

38.Әл-Кәбир – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.


Күнделікті орындалатын тапсырмалар:

  • Пайғамбарға (с.а.с) салауат айту
  • Пайғамбардың өмірбаянын оқу
  • Садақа құтысына 100тг салу