April 7, 2020

БЕСІНШІ КҮН

Әне-міне дегенше марафонымыздың дәл ортасына келіп жеттік, Аллаға шүкір!
Рухымызға азық, ақыретімізге пайдалы, осы дүниемізге хайырлы болатын маңызды тақырыптар қозғалды. Мүмкіндігімізше білімімізбен бөлістік, ары қарай амал ету сіздің еркіңізде)

Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгінгі эфирді қатаң түрде бірнеше қайталап көріңіз. Адамдардың асылы, Алланың сүйіктісі болған Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайлы өте құнды ақпараттар айтылды. Қарапайым болса да, расымен екі әлемімізге пайдасы тиетін әрекеттер туралы сөз қозғалды. Дәптеріңізге конспект жазуды ұмытпаңыз)
  • Мүмкіндігіңізше бүгіннен бастап сүннет амалдарды көптеп орындауға тырысыңыз.
    Сүннет дегеніміз - Пайғамбарымыздың (с.а.с) айтқан сөздері, іс-әрекеттері. Және алдын ала ниет етуді ұмытпаңыз! Қарапайым тамақтану бойынша ондаған оңай сүннет амалдар орындауға болады. Сүннет амалдардың бірнешеуін телеграм каналға немесе @korkem_angime парақшасына саламыз)
  • Бүгін салаутты күндегінен көп айтыңыз. Қанша айтсаңызда өз еркіңіз.
  • Пайғамбарымыз (с.а.с) жайлы мына мульфилимді барлық отбасы мүшелерімен көруге тырысыңыз. Болған соң, кішігірім талқылау жасаңыздар: не түсіндіңіздер? қандай бөлігі қатты ұнады? не үшін? деген секілді бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер. Сонда естеріңізде ұзақ сақталады)
  • Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянын оқуды жалғастырыңыз, мүмкін болса балаңызға/сіңліңізге/ініңізге түсіндіріп беріңіз. Егер әлі бастамаған болсаңыз, бүгіннен оқуды бастаңыз!
  • Садақа құтысына садақа салуды немесе беруді естен шығармаңыз! Білесіздер: садақа - барлық бәле-жаланың алдын алады! Ниет етуді ұмытпаңыздар!
  • Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз жайлы пост жазыңыз. Күнделікті өміріңізде қандай сүннеттерді жиі жасайсыз? Қай сүннет уже әдетке айналған? Сүннеттің жалпы өмірімізге қандай әсері, пайдасы бар? Осы сұраққа жауап беріңіз.
    Пост тақырыбы: СҮННЕТ және МЕН
    Пост хэштегі: #рамазанғадайындық5күн #көркемәңгіме_тегінмарафон
    Постыңызға мына парақшаларды МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕЛГІЛЕҢІЗ:
    @korkem_angime және @tegin.marafon

Мынау Мәдина қаласында орналасқан Пайғамбар мешіті - Мәсжуд үн-Нәби