November 20, 2019
19-КҮН
Бүгінгі күндеріңіз сәтті болсын! Жоспарлаған істеріңіз оңай әрі тез жүзеге ассын! Алла қалап, бүгін қуанышты жағдайлар көп болсын)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Мәуліт - исламдағы ең қасиетті айлардың бірі. Пайғамбарымыздың (с.а.с) дүниеге келген айы. Марафонымыздың басынан бастап сіздерге күнделікті салауат айту берілген болатын. Сол себепті, барша дұғаларды қабыл етуші Алла, сіздің де дұғаларыңызды қабыл етер. Сондықтан,аузыңыздан шыққан әрбір сөзге мән беріңіз: қалжыңдап айтсаңыз да, Алла қабыл етіп, орындалып кетпеуіне кім кепіл? Тек жақсы сөздер айтуға, аз сөйлеуге, сұрақ қойса ғана жауап беріп, артық сөздер айтпауға тырысыңыз. Сөзге аузыңыздан шыққанша сіз бастықсыз, айтып болған соң - ол сізге бастық. Әрбір сөзді дұға деп есептесеңіз, өз сөздеріңізге қатты мән беретін боласыз)
- Бүгін кемінде 5-6 адамға комплимент айтыңыз: "Көйлегің қандай әдемі?!"; "Бүгін ерекше құлпырып тұрсың!"; "Сен болмағанда, мен мұны бітіре алмас едім, рахмет саған, сенің осы қасиетің маған қатты ұнайды" деген секілді. Есіңізде болсын: Айналаңыздағы адамдарға не берсеңіз - соны аласыз: мейірім берсеңіз - мейірім, махаббат берсеңіз - махаббат, реніш берсеңіз - реніш аласыз)
- Ал, бүгінгі хадис:
«Маған алты нәрсеге кепілдік берсеңдер, мен сендердің жәннатқа кіретіндеріңе кепілдік беремін: Сөздеріңе берік болыңдар, уәделеріңде тұрыңдар, аманатты қайтарыңдар, ұятты жерлеріңді сақтаңдар, көздеріңді төмен салыңдар, қолдарыңа ие болыңдар»
- Алланың көркем есімдері:
33.Әл-Халим – Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.
34.Әл-Ғазим – Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.
Күнделікті орындалатын тапсырмалар:
- Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту
- Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаянын оқу
- Садақа құтысына 100тг салу
November 20, 2019, 16:15
0 views
0 reactions
0 reposts