БІРІНШІ ТАПСЫРМА
Көптен күткен марафонымызды бастадық, Аллаға шүкір!
Жаңадан қосылып, енді бірінші рет қатысайын деп жатқан ханымдар, біз мұндай онкүндік тегін марафонды әр ай сайын өткізіп тұрамыз Алла бұйыртса. Бұл біздің өткізгелі отырған үшінші тегін марафонымыз. Әр марафонда арнайы тақырыптар таңдалып, сол тақырыпқа байланысты тапсырмалар, материалдар, видеолар мен фильмдер беріліп отырады. Өткен марафондар салауат және шүкіршілік тақырыптарында болды. Бұл жолғы тақырып - ЖЕКЕ ШЕКАРА (личная граница)!
ХАНЫМДАР, БҰЛ ТАПСЫРМА ЕКІ КҮНГЕ БЕРІЛЕДІ! ЯҒНИ, КЕЛЕСІ ТАПСЫРМА 8-ҚАҢТАР КҮНІ БЕРІЛЕДІ АЛЛА БҰЙЫРТСА)
НИЕТ ЕТУДІ ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- ҚОРШАҒАН ОРТАҢЫЗДЫҢ, ҮЙІҢІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ:
Жаңа 2020-жыл басталды. Бүгін көпшілігіңізде мемлекеттік демалыс күні. Сол себепті үйіңіздің, пəтеріңіздің, бөлмеңіздің тазалығынан бастаймыз. Ия, үйімізді күнде жинаймыз, бірақ бүгін Кон Мари тəсілімен жинаймыз. Бұл тəсілдің жəй жинаудан айырмашылығы: ескі, сізге қуаныш сыйламайтын заттардан құтылып, сізді қуантатын, расымен ұнайтын және "точно қолданамын осыны" деген заттарды дұрыс орналастырып, жаңа келер заттарға орын дайындау.
Сіздерге оңай болу үшін жиналу керек заттардың арнайы тізімін дайындадық. Осы сөзді бассаңыз, тізімді көре аласыз)
- МИЫҢЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ:
Қазіргі уақытта керексіз жаңалықтар, өсектер, жарнамалар біздің назарымызды жаулап алған. Біз бұл процесстреге көп мəн бермейміз, бірақ та осындай бос ақпараттар адам энергиясын ұрлап, себепсізден себепсіз көңіл-күйді түсіріп, апатияға ұшырататынын байқамаймыз.
Миыңызды жаулап алған керек емес ақпараттардан арылаңыз: инстаграмдағы қызық емес парақшалардан арылыңыз, whatsapp, телеграм, фейсбуктағы артық чаттардан шығып, смс-терды өшіріңіз. Галереядағы суреттерді де саралап, қайталанатын, артық суреттерді өшіріңіз. Whatsapp-тан келетін сурет, видеоларды телефонның памятына түспейтіндей етіп настройка жасаңыз. Компьютердің бетіндегі рабочий столды реттеп, электронды поштадағы қажетсіз хаттарды да өшіріңіз.
- ТƏНІҢІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ:
Күні бойы осыншама тірлік бітірген денеңіз əдемі күтімге лайық, солай емес пе? Өзіңізді бүгін еркелетіңіз, сүйікті гель, скраб, маскаларыңызды қолданып, өз тəніңізге рахат сыйлаңыз. Мүмкіндігіңіз болса, монша барыңыз)
- МЫНА ВИДЕОНЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ УАҚЫТ ТАУЫП КӨРІҢІЗ:
- ЕКІНШІ БӨЛІМІ
- Үйіңізді жинағаныңызды инстаграм сторизіне салып, @korkem_angime парақшасын белгілеңіз)
- Инстаграмда тапсырмадан алған əсеріңіз жайлы өз ойыңызды толық білдіріп, пост жазыңыз. Постыңызға өзіңіз қалаған кез-келген суретті қойсаңыз болады, өз фотоңыз болу шарт емес. Постқа #жекешекарамарафоны хештегін қойып, @korkem_angime парақшасын белгілеңіз.
- Телеграмда берілген фильмді көріңіз. Егер көрген болсаңыз, қайталап көруге кеңес береміз. Фильм "Кон Мари" әдісі жайлы - сіздерге подсказка)
МАРАФОННЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ ҚАТЫСУШЫЛАР АРАСЫНДА КЕРЕМЕТ СЫЙЛЫҚ ОЙНАТАМЫЗ АЛЛА БҰЙЫРТСА. СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАТЫН БОЛАДЫ, СОЛ СЕБЕПТІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ТОЛЫҚ ОРЫНДАУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ.
ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ ЕКЕНІ ҚҰПИЯ) Сәттілік!