April 8, 2020
АЛТЫНШЫ КҮН
Аллаға сансыз шүкір: бүгін алтыншы күн! Және ерекше күн!
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- @tegin.marafon парақшасындағы сабақтарды толық қарап шығыңыз. Конспект жасауды ұмытпаңыз! Және эфирде айтылған техникаларды, әдістерді, кеңестерді дәптеріңізге жазып, күнделікті әдеттер тізіміне енгізуге тырысыңыз!
- Бүгін - Бараат түні. Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Яғни, 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр. Мүмкіндігіңізше, осы түні жасалуы керек амалдарды толық орындауға тырысыңыз. Бұл жайлы @korkem_angime парақшасында немесе телеграм каналдан біле аласыздар.
- Алла бұйыртса, ертең бейсенбі. Демек, сүннет ораза ұстайтын күн! Сонымен қатар, шағбан айының дәл ортасындағы күнге сәйкес келетін нәпіл оразаны ұстайтын күн. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:
«Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді» Мүмкіндігіңіз болса, ораза ұстауға тырысыңыз. - Пайғамбарымызға (с.а.с) салуат айтуды, өмірбаянын оқуды, садақа беруді естен шығармаңыз!
- Бірінші күні ескерткеніміздей: әр күні пост жазған ханымдар арасынан жеңімпаздарды анықтап, сыйлық беріп отырамыз. Бүгін де дәл солай.
Сыйлық - төмендегі сабақтардың кез келген біреуіне ТЕГІН ЖОЛДАМА!
Ақша және Мен;
Энерия;
Түпкісанадағы Кедейлік
Өзіңді Бағалау
Пост тақырыбы: РААМАЗАНДАҒЫ ТАМАҚТАНУ ӘДЕБІ
Пост хэштегі: #рамазанғадайындық6күн #көркемәңгіме_тегінмарафон
Постыңызға мына парақшаларды МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕЛГІЛЕҢІЗ:
@korkem_angime және @tegin.marafon
April 8, 2020, 06:35
0 views
0 reactions
0 reposts