ЕКІНШІ КҮН

Бірінші күнгі тапсырмаларды орындап біттіңіздер ме? Қалай болып жатыр? Бүгін сүннет ораза ұстаған ханымдар бар ма? Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Марафон аясында өтіп жатқан эфирлерді жібермей көріп жүріңіз. Тапсырмада айтылғанмен, эфирде солардың барлығы кең ауқымда түсіндіріледі.
    Және ұмытпаңыз: бәрі де сіздер үшін)
    Эфирді толық көріп, керек жерін дәптеріңізге түртіп алыңыз. Келесі де бұл ақпараттың бәрі ақылы болуы мүмкін!
  • Бүгіннен бастап тамақ ішу әдебін қалыптасытырыңыз: Тамақтану алдында "Биссмиллә" деп бастап, "Әлхамдулилләһ" деп аяқтауды әдетке айналдырыңыз.
«Алла Елшісі (ﷺ): «Ақиқатында, Алла тамақ жеген соң, Өзіне мақтау айтатын немесе сусын ішкен соң Өзіне мақтау айтатын пендеге разы болады».
  • Бүгінгі сүннет амал - тамақты соңына дейін жеу.
    "Шайтан адамды барлық жерде, тіпті тамақ жеген кезде де аңдиды. Ешбір адам табақты түбін жақсылап сиырмай жинамасын. Өйткені берекет астың ақырында" деген хадис бар.
    Табағыңызды толтырып алып, іше алмай, өзіңізді қинамаңыз. Аз мөлшерде ғана құйып, соны толық жеп тауысуды әдетке айналдырыңыз. Біріншіден, асқазаныңызды да қорғайсыз және сауапқа да кенелесіз. Есіңізде болсын: ДЕНСАУЛЫҚ - АЛЛАНЫҢ АМАНАТЫ!
  • Тамақтануыңызға мән беріп бастаңыз: не жеп жүрсіз? Қандай жиілікте жеп жүрсіз? Күніне неше мезгіл тамақтанасыз? Расымен қарныңыз ашқаннан тамақтанасыз ба? Дәл қазір денеңізде қандай да бір мазалайтын мәселе бар ма? Себебі неден деп ойлайсыз?
  • Бүгіннен бастап таңертең бір стакан жылы су ішуді қолға алыңыз, күнделікті режиміңізге енгізіңіз. Барша жаныңыздағы жақын жандарға да ескертіңізші: олар да өз денсаулықтарына қарауды, мән беруді бастасын)
  • Соңғы тапсырма: пост жазу. Алдыңғы тапсырмада ескерткеніміздей: он күн бойы пост жазған ханымдарға СЫЙЛЫҒЫМЫЗ бар!

    Бүгінгі пост тақырыбы: Тамақтанудың шындығы мен сұмдығы: 2-күн

    Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафоны2күн

    Постқа @korkem_angime және @tegin.marafon парақшаларын белгілеуді ұмытпаңыз!