November 22, 2019

22-КҮН

Сағындырып күттірген мүбәрак айдың бітуіне де бір-ақ апта қалды: білмегенімізді біліп, білгенмізді шыңдап жатырмыз, Аллаға шүкір)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

Апта соңы: балалар сабақтан, сіз жұмыстан босап қалған шығарсыз)

Сол себепті бүгін біз де сіздерге демалыс күнін бермекпіз😊

Бірақ, өткен тапсырмалардағы өзіңізге ұнаған кез келген тапсырманы орындасаңыз да болады.

Сосын, ең кемінде 5-10 минут болса да Құран тыңдап немесе пайдалы бір ақпарат оқуға, көруге тырысыңыз)

Айтқандай, Алланың көркем есімдерін жаттау аса қатты қиындық туғызбайды деп ойлаймыз:

39.Әл-Хафиз – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Алла Тағала – әлсіздердің жәрдемшісі.

40.Әл-Муқит – Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.


Демалыс демалыспен, ал күнделікті тапсырмалар орындалу керек😅

  • Пайғамбарға (с.а.с) салауат айту
  • Пайғамбардың өмірбаянын оқу
  • Садақа құтысына 100тг салу