January 12, 2020
ЖЕТІНШІ КҮН
Жаңа апта - жаңа мүмкіндіктер, жаңа жеңістер, жаңа өзгеріс! Аллаға сансыз шүкір! Жаңа күнді жаңа энергиямен бастауға дайынсыздар ма?
Олай болса, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Бүгін - дүйсенбі. Korkem_angime парақшасындағы соңғы постты оқыған боларсыздар, оқымасаңыз міндетті түрде оқуға кеңес береміз. Әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау - сүннет. (Неге дәл осы күн екені соңғы постта жазылған). Сондықтан, бүгін мүмкіндігіңізше ораза ұстауға тырысыңыз. Білесіз, ораза ұстау деген тек тамақ жемеу емес. Құлақпен, ауызбен, көзбен, денемен ораза ұстау. Яғни, жаман нәрсе көрмеу, айтпау, тыңдамау. Есесіне, біреудің шекарасын бұзбауды, өзіңізді бақылауды үйренесіз)
- Бүгін алдыңыздан шыққан бес адамға көмектесіңіз, әрине шын жүректен. Есігін ашып жіберіңіз, затын алып жіберіңіз, жүгі болса көтерісіп жіберіңіз, т.с.с. Ең бастысы, ниет етуді ұмытпаңыз! Адамдарың сізге қалай қарым-қатынаста болғанын қаласаңыз, алдымен өзіңіз оларға солай қарым-қатынас жасаңыз)
- Бүгін Сізге кішкентай да болсын көмек көрсеткен барлық адамға алғыс айтыңыз. Мүмкін қаламыңызды алып берген шығар, лифтте сізге жол берген шығар, сөз көмегін берген шығар, т.б. Біз байқай бермейтін көп жағдай болуы мүмкін. Бастысы, шын жүректен, дәл уақытында алғыс айта білу. Өзгелердің махаббатына бөленгіңіз келеме, алдымен өзіңіз махаббат беріп бастаңыз. Алланың қалауымен негативті мүлдем көрмейтін боласыз)
- Өткен тапсырмаларды орындап үлгермесеңіз, толық аяқтауға тырысыңыз. Себебі, барлық тапсырмалар арнайы сіздер үшін, махаббатпен жасалған)
January 12, 2020, 15:35
0 views
0 reactions
0 reposts