СОҢҒЫ КҮН

Алланың қалауымен қасиетті айдың соңғы күніне де келіп жеттік. Қолымыздан келгенше екі өміріңізге де пайдасы болатын тапсырмалар беріп, өміріңіздің жағымды сәттеріне себепші болуға тырыстық.

Мүмкін кейбір тапсырмалар сіз үшін ауыр болған шығар, кейбірін орындауға мүмкіндігіңіз болмаған шығар. Әркімнің өз себебі, өз жағдайы бар.

Дегенмен, қасиетті айдың әрбір күнін бізбен бірге өткізіп, тапсырмаларды қалдырмай орындап жүрген ханымдар, Сіздерге Алла мол сауаптан жазсын 😘🌷

  • Марафон уақытындағы күнделікті орындайтын тапсырмаларды бұдан кейін де жалғастыруға тырысыңыз: Салауат айту ешқашан да көптік етпейді. Ал, садақа берудің ешқашан артықшылығы жоқ)
  • Сонымен қатар, Алланың көркем есімдерін жаттауды да тоқтатпаңыз. Мүмкін болса, жаныңыздағы жақын жандардың да жаттауына себепкер болыңыз)
  • Есіңізде болсын, Алла - Ең Әділ әрі Ең Үстем: қандай да бір жақсылық жасасаңыз да, есепсіз қалдырмайды. Сол себепті, айналаңызға барынша жақсылық жасауға, қолыңыздан келгенше көмек беруге тырысыңыз. Алайда, НИЕТ ЕТУді ұмытпаңыз. Айналаңызға не берсеңіз, олар да сізге сол нәрсені береді: махаббат, мейірім, көңіл.
  • Осы бір айда сіз не нәрсе бітірдіңіз? Не істедіңіз? Қандай нәтижелер болды? Не үйрендіңіз? Осы сұрақтарға жауап беріңіз. Пост етіп жазып, біздің KORKEM_ANGIME парақшасын белгілеп кетсеңіз, сіздің бізге жасаған игі ісіңіз болар еді)

Сіздермен, әрине, қоштаспаймыз: алдағы уақытта сіздерге пайдалы болатын осындай марафондарды жиі өткізуге тырысамыз)


Алла отбасыларыңызға береке, татулық, адал, мол ризық-несібе нәсіп етсін. Ауырып жатқандар болса, шипа берсін. Қандай да бір проблемасы бар жандардың істерін оңай әрі тез ретке келуін нәсіп етсін. Жандарыңызға жақын туыстарыңыздың, құрбыларыңыздың, таныстарыңыздың аман болуын нәсіп етсін. Әрбіріңіздің сіздерге хайырлы болған арман-мақсаттарыңыздың жүзеге асуын нәсіп етсін)
Ізгі ниетпен, БАЛҚИЯ БАЛТАБАЙ!