December 12, 2019

ЖЕТІНШІ КҮН

«Жұма – күн шуағы шашыл-ған күндердiң ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ»

(Хадистен алынды)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Аллаға шүкір - келесі бір жұмаға келіп жеттік. Екі жұма арасында көптеген жағдайлар болуы мүмкін: сәбилі болуы мүмкін, жаңа отбасы құрылуы мүмкін, денсаулығы болмай қалуы мүмкін, жақына айырылуы мүмкін, т.б. Сондықтан бүгінгі жұмаға жеткеніміз үшін шүкір. Себебі, бүгін тағы бір дұға-тілек жасап, жақсы амал орындауға тағы бір мүмкіндігіңіз бар)
  • Бүгін асыр намазына дейін мүміндігіңізге қарай Кәһф сүресін оқыңыз,тыңдаңыз.
  • Асыр намазына дейін күнделікті садақа құтысынан басқа, бөлек садаөа беріп үлгеріңіз
  • Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтыңыз
  • Шүкіршілік дәптеріңізге 5 шүкір жазыңыз
  • Садақа құтысына 100тг салуды ұмытпаңыз)

»