January 9, 2020

ТӨРТІНШІ КҮН

Өзгелер сізге жақсы қарым-қатынаста болып, мазаңызды алмағанын қаласаңыз, өзіңіз де басқаларға сондай қатынаста болыңыз) Біліңіз: ешкім ешкімкімге ештеңе қарыз не міндетті емес!

Ал, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ БЫЛАЙ БОЛМАҚ:

  • Бүгіннен бастап құрбыларыңызға, коллективіңізге, басқа да таныстарыңызға кешкі 19:00-ден кейін жұмыс бабымен болсын, басқа да себеппен болсын қоңырау шалуды тоқтатуға тырысыңыз. Ал, таңертең шұғыл болмаса, 9:00ден ерте хабарласпауға тырысыңыз. Шекараны бұзудың ең басты белгілері осы!
  • Келесі мәселе - өзгелердің заттарын рұқсатсыз ұстамау, қолданбау, қарамау! Сіздің жекеменшігіңізге біреу рұқсатсыз тиіссе, жақтырмайсыз ғой. Дәл сол секілді сіз де өзгелердің затын оның қалауынсыз алмауға тырысыңыз. Тіпті өз туысыңыз болса да. "Туууу, тегі ала салмайсың ба соны? Ала бер дедім ғой, қурткамның/сумкамның қалтасында тұр" деп айтатындар да бар. Солай деп тұрса да, дұрысы иесіне апарып беріңіз де, ол өзі алып берсін. Бұл нәрсеге өте абай болу керек. Себебі, дәл осы жағдай "кісі ақысымен" өте тығыз байланысты!
  • Әрқайсымыз күніне кемінде 5 адамға қоңырау шалатын шығармыз ия?😅 Осы хабарласқан кездің өзінде шекараны әдемілеп тұрып бұза бастаймыз🤭 Бұдан былай қоңырау шалғанда ең алдымен оның уақыты бар ма, жоқ па екенін біліп алыңыз. Яғни, телефонды ала сап: "Бірдеме сұрайын деген едім: мынау қалай болатын еді?" деп айтпай, алдымен сәлемдесіп, сосын "Сөйлесе аласың ба? Уақытың бар ма?" деп сұрап алыңыз💕

    СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДАН БӘРІ КЕЛЕДІ: БҰЛ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ДА ОП-ОҢАЙ ОРЫНДАЙ АЛАСЫЗ, АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН😘