January 14, 2020

ТОҒЫЗЫНШЫ КҮН

Бүгінгі күндеріңіз сәтті болсын! Жоспарлаған істеріңіз оңай әрі тез жүзеге ассын! Алла қалап, бүгін қуанышты жағдайлар көп болсын)

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Ең бірінші тапсырма - өткен тапсырмаларды толық орындау. Марафон кезінде көпшілікпен бірге жасаған кез келген әрекет оңай әрі жеңіл жасалады, Алланың қалауымен. Сол себепті де әр күн сайын тапсырмаларды әдейі беріп отырмыз)
  • Бүгін кемінде 5-6 адамға комплимент айтыңыз: "Көйлегің қандай әдемі?!"; "Бүгін ерекше құлпырып тұрсың!"; "Сен болмағанда, мен мұны бітіре алмас едім, рахмет саған, сенің осы қасиетің маған қатты ұнайды" деген секілді. Есіңізде болсын: Айналаңыздағы адамдарға не берсеңіз - соны аласыз: мейірім берсеңіз - мейірім, махаббат берсеңіз - махаббат, реніш берсеңіз - реніш аласыз)
  • Бүгіннен бастап, егер қатты шұғыл болмаса, адамдармен бетпе бет жүздесіп отырғанда теелфонды қолданбауға тырысыңыз: өзіңізге және оған деген құрметіңізді білдіресіз.
  • Өзіңіздің өмірлік құндылықтарыңызды анықтаңыз, дәптеріңізге жазыңыз. Мысалы, "Ешқашан кезегі келмей, артық сөз айтпау"; "Ешқашан жеке басына байланысты сұрақ қоймаймын, өзі айтпайынша", т.б.