ТӨРТІНШІ КҮН

Аллаға сансыз шүкір: марафонымыздың төртінші күніне де келіп жеттік! Байқасаңыздар, күннен күнге тақырыптар күрделеніп, қызық болып бара жатыр!
Сенбі күні көпшілігіңізде демалыс күні шығвр ия?!

Ендеше, БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ:

  • Бүгінгі эфирді қайталап МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қарап шығыңыз. Себебі бүгін ееееең қажет ақпарат айтылды! Конспект жасап алыңыз: өзіңіз үшін керек. Және келесі жолы бұл ақпараттар ақылы болуы мүмкін)
  • Күнделікті қолданатын тағамдарыңызға зер салыңыз: құрамы қандай? неден жасалған? қандай витаминдер бар? Бүгіннен бастап мүмкіндігіңізше табиғи заттарды қолдануға тырысыңыз. Эфирде айтылғандай: тағамның құрамы ДЕНСАУЛЫҚҚА өте қатты әсер етеді!
  • Бүгіннен бастап ыстық тағам жеуді тоқтатуға тырысыңыз. Бір хадисте:
    "Алла Елшісі (с.а.с) тамақты буы қайтқанша жеуді жақтырмайтын" деген. Сол себепті де исламда да тыйым салынған және ол адамның ағзасына да өте зиянды.
  • Тамақты үрлемей жеу деген сүннет амал да осыдан шыққан. Сондықтан, барынша тамақты өзінің нормасасында, жылы күйде жеген абзал)
  • Телеграмға жіберілген видеоматериалдарды міндетті түрде толық қарап шығыңыз)
  • Пост жазуды ұмытпаңыз және пост жазар алдын ниет етіп жіберсеңі, өзіңізге де, өзгеге де пайдаңыз тиеді. Сауап жинайсыз әрі өзіңіздің есіңізде ұзақ уақыт сақталады. Және бізден сыйлық немесе сабақтарға жеңілдік ала аласыз)
    Пост тақырыбы: Тағамның сапасы: зиянды немесе пайдалы?
    Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафоны4күн
    Постқа мына парақшаларды белгілеңіз: @korkem_angime және @tegin.marafon