November 25, 2019
25-КҮН
Мәуліт айының аяқталуына да санаулы күн қалды. Көптеген пайдалы тапсырмаларды бірге жасадық, кітаптар оқыдық, білмеген нәпселерімізді үйрендік. Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Бүгінгі күнді туыстарыңызға, жақындарыңызға арнаңыз: оларға қоңырау шалыңыз. Ұзақ уақыт бойы хабарласуға мүмкіндік болмай жүрген туыстарыңыз болса, сол кісілерге хабарласып, қал-жағдайын біліңіз. Олардың жағдайларын сұрап хабарласқаныңыздың өзі - садақа. Тек ниетті ұмытпаңыз)
- Бүгін кешкі асты толық отбасы болып ішуге тырысыңыздар. Мәуліт айына кішкене қорытынды жасаңыздар. Тек сіз ғана қатысқан болсаңыз да, отбасыңызға жасаған тапсырмалардың бәрін әңгімлеп беріңіз. Егер студент болсаңыз, тіптен жақсы: бөлмедегі қыздармен бірге кешкі аста бас қосып, талқылау жасаңыздар: Кім не істеді? Қандай өзгерістер болды? Қандай жаңа ақпараттарды білдіңіз?
- Ал, бүгінгі хадис:
«Алладан қорқыңдар, туыстық байланысты үзуден сақтаныңдар. Күдіксіз, Алла сендерді бақылап тұрушы».
- Алланың көркем есімдері:
47. Әл-Хаким – Даналық Иесі, қате жасаудан пәк. Қате жасау Оның даңқына сай келмейді. Ол әр нәрсені өз орнына қояды.
48. Әл-Уәдуд – Ізгілік істеуші, Сүюші. Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол мәрхаметі, мейірімі және ризықтары арқылы Өзі туралы білдіртеді.
Күнделікті тапсырмаларды орындауды ұмытпаңыз)
- Пайғамбарға (с.а.с) салауат айту
- Пайғамбардың өмірбаянын оқу
- Садақа құтысына 100тг салу