March 12, 2020
ТОҒЫЗЫНШЫ КҮН
Марафонның аяқталуына бір ақ күн қалды! Біршама құнды ақпаратта ала алдыңыздар деген үміттеміз)
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:
- Уже жаттап қалған шығарсыздар бірінші тапсырманы) ИЯ, эфирді қайта қарап шығыңыз, құрбыларыңызға жіберіңіз, дәптеріңізге конспект жасаңыз)
- Жалпы, қарапайым тамақтанудың өміріңіздегі алар орнын білген шығарсыз, иә?
Демек, денсаулықта қандай да бір проблема болса, дереу тамақтану режимді дұрыстау керек деген сөз.
Көктем шығып жатыр: ағза әлсірей бастайды, қалыпты жағдай!
Барынша құнарлы тағамдарды жеуді қолға алыңыз. Көптеп көкөніс қолдануды қолға алыңыз. Адамдар жасап шығарған заттарға қарағанда, Алланың жаратқан табиғи заттарда витамин көп әрі таза, сенімді) - Сонымен қатар, суды да, тамақты да отырып ішуді қолға алыңыз. БҰЛ - СҮННЕТ! Кейде көшеде немесе асығып тұрғанда "ештеме етпейді ғой" деп тұра сап, суды сіміріп саламыз. Олай жасауды доғарыңыз!
Әнәс жеткізеді: (сахаба)
"Алла елшісі (с.а.с) түрегеп тұрып су ішуге тиым салды" деген кезде, одан:
"Ал, тамақ ше?" деп сұрады. Сонда ол: "Оған аса қатты тиым салған" деп жауап қайырды.
Есте сақтаңыз: ӘРБІР СҮННЕТ АМАЛДЫҢ АСТЫНДА БІЗГЕ ПАЙДАЛЫ НӘРСЕ БАР! - Ертең мүбарак ЖҰМА! Жұмаға дайындалыңыз: үйді тазалаңыз, ауланы тазалаңыз.
Есіңізде болсын: Сіз қалай әрекет етесіз, балаңыз да солай жасайтын болады. Сондықтан, жұма күннің құндылығын түсіндіріп, арнайы дайындық жасауды әдетке айналдырыңыз. Уақыт өте келе, балаларыңыз өзі ақ әрбір жұманы асыға күтетін болады) - Бұл тапсырманы да айтпаса да жаттап алған шығарсыздар - ПОСТ ЖАЗУ!
Тақырып: САПАЛЫ ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ӨМІРГЕ ӘСЕРІ
Пост хэштегі: #көркемәңгіме_тегінмарафон #тамақтанумарафоны9күн
Постқа мына парақшаларды белгілеңіз: @korkem_angime және @tegin.marafon
March 12, 2020, 07:12
0 views
0 reactions
0 reposts