April 29, 2020

АЛТЫНШЫ ТАПСЫРМА

Қасиетті Рамазанның алтыншы күніне де келіп жеттік, Аллаға шүкір! Бойыңызда жеңілдік сезіліп жатқан болар. Әр күні бір мерекеге татитын бұл айдың әр сәтін бос жіберіп алмауға тырысыңыз.
Тапсырмалар қалай: орындап үлгеріп жатырсыздар ма?

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Көркем әңгіме парақшасында жаряланған жаңалықты естіген шығарсыздар?!
    Алла бұйыртса, осы рамазан уақытында ұстаздармен бірге арнайы тақырыптарда күнделікті тегін сабақтар жүргізілетін болады. Бірде бір сабақты жіберіп алмауға тырысыңыздар! Бүгінгі эфирді толық қайталап, қарап шығыңыз: керек жерін дәптеріңізге түртіп алыңыз)
  • Жақыныңыздан, туысыңыздан бөлек сізге әрдайым көмек беруге даяр болатын тағы бір кісі бар - көршіңіз. Жаныңыздағы көршіңіздің де қал-жағдайын сұрап, оны да рамазанмен құттықтап қойыңыз. Мүмкін болса, кешкауызашаға шақырыңыз.
«Жанындағы көршісі аш бола тұра, өзі тоқ адамды маған иман келтірді деп есептеуге болмайды» (Әл-Барраз) – деген.
  • Бүгінгі эфирде айтылған лайфхактарды қолдана отырып, Құран жаттауды қолға алыңыз. Күніне бір аяттан жаттап отырсаңыз да, рамазан аяқталғанға дейін кемінде бес сүре жаттауға мүмкіндігңіз бар)
  • Және күнделікті әрекеттер:
    - Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту
    - Истиғфар айту
    - Құран оқу
    - Кітап оқу
    - Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту
    - Садақа беруді ұмытпаңыз!