ҮШІНШІ КҮН

Күн санап күткен марафонымыздың бүгін үшінші күні! Ал, айлардың төресі болған қасиетті рамазанға 20 күн қалды!

БҮГІНГІ ТАПСЫРМА:

  • Бүгінгі эфирді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қайталап көріңіз! Міндетті түрде! Себебі сіздер күткен, сіздер жауабын таппай жүрген ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ СҰРАҚТАРЫҢЫЗҒА жауап берілді. Керек жерін дәптеріңізге жазып алыңыз! Бүгінгі эфир @korkem_angime парақшасында болды!
  • Ертең Алла қаласа дүйсенбі күні келеді! Демек, нәпіл ораза ұстауға, шағбан айының оразасын ұстауға, қарыз оразаңызды ұстауға мүмкіндік! Егер шамаңыз келсе, ертең ораза ұстаңыз! Ниет етуді ұмытпаңыз)
  • Рамазанға дейінгі, рамазан уақытында жасайтын амал-әрекеттеріңізді жүйелеп, жоспар құрыңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, бүгіннен бастап, сол жоспарға сай әрекеттерді бастап кетіңіз. Жоспарды қалай құрсам болады? деген сұрақ туындаса, Балхия ханым жүргізген бірінш сабақты қайта қарап шығыңыз. Сілтеме міне 👇👇👇
  • Пайғамбарымызға (с.а.с) 100 салауат айтуды
  • Пайғамбарымыздың өмірбаянын оқуды
  • Садақа құтысына 100тг салуды ұмытпаңыз!
  • Кешегі тапсырмада айтылғандай, мүмкіндігіңізше күнделікті Құран тыңдап жатуға тырысыңыз)
  • Соңғы тапсырма: ПОСТ ЖАЗУ! Бүгінгі эфир басқа эфирден өзгеше, ерекше құнды болғаны сөзсіз! Эфирден кейінгі алған әсеріңіз жайлы пост жазыңыз (жазу/жазбау өз еркіңізде). Бізге қарапайым тамақтан ғана тыйылу деп ойлаған оразаның қаншалықты қыр-сыры өте көп екендігіне көз жеткізген шығарсыз) Пост тақырыбы: ОРАЗАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ Пост хэштегі: #рамазанғадайындық3күн #көркемәңгіме_тегінмарафон Постқа мына парақшаларды белгілеуді ұмытпаңыз: @korkem_angime және @tegin.marafon

Ең әсерлі, шынайы етіп жазған ЕКІ ПОСТ иесіне керемет сыйлығымыз бар!

СЫЙЛЫҚ - СЮРПРИЗ болсын!🥰

Марафон аяқталғанша осылай күн сайын ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ анықтап, СЫЙЛЫҚ БЕРІП ОТЫРАМЫЗ! Мүмкіндігіңізше белсенді болыңыздар! Әрбіріңіздің жеңімпаз болуға мүмкіндігіңіз бар)