May 3, 2020
ОНЫНШЫ ТАПСЫРМА
Аллаға сансыз шүкірлер болсын: Рамазанның алғашқы ондығын аяқтадық!
Қаншама білім алдық, тапсырмалар орындадық!
Орындап жүрсіздер ғой, ия?
БҮГІНГІ ТАПСЫРМА РЕТІ:
- Бүгін сіздерге қиын тапсырма берілмейді: демалыс)
Бірақ, мына сұрақтарға жауап жазыңыз:
Осы он күнде мен не бітірдім? Қандай білімдер алдым? Қайсысын қолданып жүрмін? - Рамазанның әр күнінде орындалуы керек әрекеттерді МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАСАУ керек:
Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айту; Истиғфар айту; Құран оқу; Кітап оқу; Алланың көркем есімдерін жаттау / зікір айту; Садақа беру! Тарауих оқу! - Сүннет амалдар
Балаларға да сәлем беру
Әнәс ибн Малик жеткізеді: "Алла Елшісі (с.а.с) мәлиналықтарды аралап, олародың балаларына сәлем беріп, басынан сипап, оларға дұға ететін" дейді.
Ауылдағы қариялардың балалармен амандасып, бата беруі осы жерден шыққан сүннет!
Ерлі-зайыптылардың әзілдесуі
"Алла ер кісінің әйелімен әзілдесуін ұнатады. Осы үшін екеуіне де сауап жазады. Һәм ризықтарына да адал етіп берекеттендіреді".
Есік қағу
"Барған үйлердің есіктерінің алдында емес жанында тұрып кіруге рұқсат сұраңдар. Рұқсат берсе кіріңдер, бермесе кері қайтыңдар". - Бүгінгі сергіту ойынының шарты:
төмендегі сөздерді тауып, жасырылған хадисті табу:
ШЫНАЙЫ | АНА | ОРАЗА | КҮНӘСІЗ | ТАРАУИХ